Қоғамдық қабылдау өтті

218
қоғамдық қабылдауға азаматтар көп келді
қоғамдық қабылдауға азаматтар көп келді

Бүгін «Нұр Отан» партиясының облыстық және қалалық филиалдарында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Келген азаматтардың арыз-шағымдарының басым бөлігі коммуналдық мәселелерге байланысты. Мысалы, жаңа құрылған шағынаудан тұрғындарына газ, су, жарық, жол керек. Осы сұрақтармен бармаған жері қалмаған. Ал ендігі бір бөлігі үй мен жер алудағы кезектің бей-берекетсіздігіне шағымданады. Ал келесі бірі құқық қорғау органдарының әрекетсіздігінен жапа шеккен. Партия өкілдері күрделі мәселелердің шешімін табуға көмектесеміз деп уәде берді.

Сұрағын арқалай келген азаматтар жазған арыздарына да дер кезінде жауап қайтарылмайтыны алға тартты. Сапасыз қызметке көңілі толмайтындар өңірімізде әділдік қалмағанын да ашық айтты.

Қолданылмаған отын мен жағылмаған жылуға ақша төлейтіндер, әсіресе,  көгілдір отын мен су арнасына наразылығын білдіріп жатты. Басым бөлігі сотқа да жүгінетінін жеткізді.