Кәсіподаққа 80 жыл

Кәсіподаққа биыл 80 жыл
Кәсіподаққа биыл 80 жыл

Оңтүстіктің кәсіподақ ұйымының құрылғанына биыл 80 жыл. Аталмыш одақ өзінің мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. Оған республиканың түкпір-түкпірінен кәсіподақ комитетінде еңбек етіп жүрген атпал азаматтар қатысты. Салтанатты жиында кәсіподақ ұйымында елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар марапатталды.

Олардың арасында облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаевқа да құрмет грамотасы мен 80 жылдыққа арнайы шығарылған төсбелгі тағылды.

Шара барысында кәсіподақ ұйымының құрылу тарихы туралы деректі фильм қонақтар назарына ұсынылды.

Салтанатты жиын соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.