Мас күйінде көлікке отырған жүргізуші бойынша сот басталды

213
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөзбен қызметінің басшысы

 

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөзбен қызметінің басшысы

Естерінізде болса, 3 күн бұрын Астана даңғылы бойында 21 жасар жігітті Хонда Акорд көлігі соғып кеткен болатын. Кейінен белгілі болған Хонда көлігінің жүргізушісі спирттік ішімдікті тойып алған болатын. Бүгін осы мәселе бойынша сот ісі Әл Фараби аудандық сотында болу керек еді, бірақ белгілі себептермен істі кейінге ауыстырды.

Шымкентте бірінші курс студенті Дулат Нұрымбетовты қағып өлтірген жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тіпті жаңа деректер де пайда болды. Ол студентті соғып, 40 метрге дейін сүйретіп әкеткенімен қоймай оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы облыстық ІІД-ті баспасөз қызметінің жетекшісі хабарлады. Бұл әрекеті үшін масаң күйде рөлге отырып, адам өлтірген жүргізушінің жазасы қатаң болуы мүмкін.

Ал бүгін бұл оқиғаға қатысты сот отырысы басталды. Бірақ таңғы уақытқа белгіленген сот кейінге қалдырылды. Дәл осы жерде марқұмның әкесі отырар телеарнасы тілшісіне сұхбат берді. Айтуынша айыпталуышы тарап кешірім сұраудың орнына марқұмның туыстарына келіп, қоқан лоққы көрсеткен.

Айта өтейік, бұл Нұрымбетовтар отбасындағы екінші қайғылы жағдай. Осыдан бірәз уақыт бұрын үйдің кенжесі де жол апатынан қайтыс болған.