Оңтүстіктің қыз-келіншектері жаппай саясатқа тартылмақ

Гүлшара Әбдіхалықова Шымкент әйелдерімен жүздесті
Гүлшара Әбдіқалықова Шымкент әйелдерімен жүздесті

Іс басында әйелдер. Оңтүстік Қазақстанда қыз келіншектер жаппай саясатқа тартылмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің кеңесшісі  Гүлшара Әбдіқалықовамәлімдеді. Тіпті Шымкентте жаңадан саясаткер әйелдердің клубы да ашылды. Жиналғандардың айтуынша қазақы дәстүр қатаң сақталған Оңтүстікте гендерлік саясаттың дамуы баяу. Сондықтан белсенді назік жандыларды билік орындарына көптеп тартуымыз қажет.

Оңтүстіктегі іскер 25 әйел болашақта саясаткер атануы мүмкін. Оларға бүгін Гүлшара Әбдіқалықова үлкен үміт артып, саясаткер әйелдер клубының мүшелік сертификатын табыстады. Осы күнді көптен күтсе керек, біздің арулар да саясатқа араласа алмауларының себеп-салдарын жайып салды.

«Облыстық Азаматтық Альянс» қауымдастығының президенті Клара Әліпованың пікірінше, бізде белсенді әйелдер көп, тек оларды ешкім жоғары лауазымды қызметке шақырмайды. Әрі мәслихатта отырған депуттардың 90 пайызы қаржылық жағынан қамсыздандырылған, тұрақты азаматтар. Қарапайым бұқара ішінен біреуін де таппайсыз. Сондықтан билікке тартылуы тиіс азаматшалардың шешендік қабілетін дамытып, оларға жұрттың сенім артуын үйрету қажет деді Клара Төлендіқызы.

Облыстық мәслихатта 50 депутат болса, соның біреуі ғана әйел азаматы. Қалалық мәслихатта да солай, нәзік жанды саусақпен санарлық. Мұның себебін, біреуі біздегі ұлттық ділден көрсе, екіншісі, әйелдерді билік тұғырына ешкім шақырмайтынынан іздеді. Бір сөзбен айтқанда белсенді әйел көп, бірақ ол қабілетін ортақ мүдде үшін дамытуға арнап жатқандары аз.

Әйел баласын қоғам ісіне араластыруда Оңтүстік жалпы көштен қалып келе жатса да, еліміздің өзге облыстарында гендерлік саясат жақсы жолға қойылған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен «Оңтүстік әйелдері» форумында айтылды. Іс басына нәзік жандыларды тартуда Қостанай, Ақтөбе, Ақмола һәм Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр.

Тобықтай түйіннің төркіні, Оңтүстікте бизнеске икемді әйелдер көп, бірақ саясатқа араласып жатқаны аз дегенге сайды. Десе де, бұл олқылық соңғы кездері әйелдерді саяси партияларға тарту секілді жүйелермен шешіліп келе жатқанымен түсіндіреді облыстық ішкі сасат басқармасының өкілдері.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=1LOO8SS5Yh4[/youtube]