Шымкентте атыс болды

241
22 жастағы Нұрболдың кеуде тұсынан оқ атылған
22 жастағы Нұрболдың кеуде тұсынан оқ атылған

Шымкентте тағы да атыс болды. Қаладағы колледждердің бірінде оқитын жігітті екінші бір оқу орнының студенті тапатал түсте атып кетті. Жәбірленуші бір неше жерінен ауыр жарақаттанып ауруханаға түскен. Оның туыстары болса полицйлердің бейқамдығына наразылық білдіріп жатыр.

Оқиға 7-ші қараша күні болған. Тапа тал түсте колледж студенті қатарласына оқ атқан. Жәбірленуші НҰрбол Жұмабаев есін енді жиды. Айтуынша даудың басы әлімжеттіктен басталған.

Нұрбол Жұмабаев, жәбірленуші: «Барлығы әлімжеттіктен басталған. Колледжде оқитын бір інім хабарласып, жоғары курс жігіттерінің ақша талап етіп жатқандығын айтқан. Біз барып сөйлеспекші болдық. Олар бірден қару кезеніп, көзді ашып жұмғанша атып жіберді».

Қанды оқиғаның куәгері Ерхан қаруланғандардың әрекеті күтпеген жерден болды дейді. Екі жақ арасында ерегіс болып жекпе жекке шықса керек. Сөйтіп екінші жақ оқ жаудырып жіберген.

Көкірек тұсынан оқ тиген Нұрбол ауыр халде облыстық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, ота жасалады. Бірақ тілшілерге ақпар беруден тайсақтаған дәрігерлердің қылығы түсініксіз болды.  Қосулы тұрған бейнекамераны байқады ма, кім білсін, дәрігерміз науқастың халы жайында бір екі ауыз сөз айтуға әрең келісті.

«Аса ауыр халде түскен науөқас Нұрбол Жұмабаевқа ота жасалынып, сәтті өтті. Көкірек тұсына жасалды ота. Қазір жағдайы бірқалыпты. Таяу күндері ауруханадан шығарылады»-дейді дәрігер, ОКА-ның кеуде хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Өтепбайұлы.

Ал, жәбірленушінің ағасы Ерболдың тәртіп сақшыларының қылмыстың ізін суытпай ашып, әділдік орнатарына күмәнмен қарайды. Себеп те жоқ емес дейді ол.

Ербол Жұмабаев, жәбірленушінің ағасы: «Полицияға хабарластық. Олар дәлелді айғақты заттар бар деп, қылмыстық іс қозғадық деді. Бірақ күдіктілерді :Шымкентте тұрады ғой. Тергеу изоляторында ұстауға мүмкіндік жоқ»  деп шығарып жіберіпті. Бастамасы осылай болса, әділдік бол ма деп күмәнданып қаласың…»

Тергеушінің ұялы телефонына біз де хабарласпақ болдық. Сауысқаннан сақ тергеуші мырза, бетпе бет жүздеспей ешкімге ешқандай ақпар айтпаймын деп тұрып алды.

Сөйтіп құқық қорғаушылар бұл туралы ләм мим деген жоқ. Ал айдын күннің аманында жараланған жәбірленушінің аяққа тұрып кетуіне әлі көп уақыт керек.