Жасөспірімдер қылмысына ата-ана кінәлі

670
Баһадүр Нарымбетов қылмыс жасаған оқушылар міндетті түрде жазалануы керек дейді
Серік Әуесханов ОҚО-да мектеп оқушыларының қылмысына ата-аналар жауапкершілігі себеп екенін айтады

Мектеп оқушыларының қылмыс жасауына ата-ана тәрбиесі себеп! Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының бастығы Серік Әуесханов осылай деп мәлімдеді. «Қылмысқа жол жоқ» акциясына мектеп инспекторлары, прокуратура қызметкерлері, мұғалімдер және оқушылардың өздері де қатысты. Тараптар қазіргі ауыр қылмыстық ахуалдың қайтсек алдын аламыз деген көкейтесті сауалға жауап іздеді.

Серік Әуесханов, ОҚО білім басқармасы бастығының орынбасары: » Иә, расында да біздің ата-аналарға сөзіміз өтпей отыр. Егер, бізге мектеп директорын сол себепті орнынан алыптас тау қажет болса, біз күн сайын алып тастауға бармыз. Алайда бұл жол мектептегі құқықбұзушылықты тыймайды ғой. Сонда ата-аналар қайда қарап отыр, Алып қарасаңыздар осы жасалып отырған қылмыстың барлығы да мектеп уақытынан тыс, мектептен тыс, сабақтан тыс, кешкі уақыттарда ата-аналардың қарауынсыз қалып отырғанынан. Мәселен, кешегі №58 мектепте болған жағдай. Анығырақ айтсақ, мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында болып отырған жағдай. Өздеріңіз білесіздер, бірнеше жиналыстар да өтті. Немен басталып, соңы не болғанын көріп те отырсыздар ғой. Сондықтан ата-аналар өз жауапкершілігіне салғырт қарауын тоқтатса екен дейміз». 

Мектеп оқушылары арасындағы атыс-шабыс, ауыр қылмыстардың алдын алу шараларына оқушыларда өзіндік көзқарасын білдіріп, пікір алмасты. Қаламыздағы №86 жалпы орта мектептің 11-сынып оқушысы Иззат Қарсыбаевтың да айтары бар.

Иззат Қарсыбаев, №86 жалпы орта мектептің оқушысы: » Иә, қазір достарымыз арасында жұдырыққа немесе суық қарудың көмегіне жүгіну сәнге айналды. Ерегістің соңы да түрлі қылмыстың орын алуына себепші болып отыр. Бірақ соңы өте ауыр жағдайға жеткізіп, тіпті темір тордың төрінен шығаруда. Сондықтан мен замандастарыма мұндай қылмысқа жол бермейік, бойымызды аулақ ұстайық дегім келеді. «Крутой» көрінудің де өзге жолдары бар ғой!»

Облыстық білім басқармасы басшылығы  өздерінің шарасыздық танытып отырғанын байқатты. Тек директорды жұмысынан шығару оң  шешім емес дейді олар. Ұстаздар қауымы да ата-аналарға ренжулі. Айтуларынша, тәрбиенің 80 пайызы ата-аналар тарапынан. Сондықтан ата-аналар да мектептен тыс уақытында баларына назар аударуы қажет.

Орынкүл Тастанова, сынып жетекші, қазақ тілі пәнінің мұғалімі: «Мен ата-аналарды

Баһадүр Нарымбетов қылмыс жасаған оқушылар міндетті түрде жазалануы керек дейді

түсінбеймін, расында. Біз тоқсандық біткендегі жиналысқа ата-аналарды жалынып жүріп шақырып аламыз. Бірге жұмыс жасайық, балалардың бос уақытын, мектептегі уақытын тиімді өткізуге жол ашайық деп ұсыныс тастаймыз. Келмейді мектепке, балаларына көңіл бөлмейді. Ал біздің тәрбиеміз аздық етеді. Себебі, олар көп уақытын үйде өткізеді, үйінде ұйықтайды, кешкі уақытта да үйінде болады. Қалай болғанда да біз аптасына 1-2 рет тәрбие сағаттарын өткізіп, түсіндірме сабақтарын жүргіземіз, әрине. Бәрібір тәрбиенің 80 пайызы ата-аналар тарапынан. «Ұяңда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп босқа айтылмаған шығар. Ата-анлар жұмысынан кеш келеді де, балаларына қарамайды. Қайда кетті, кімге кетті, қызықтырмайды. Ал ол уақытына қайта біз алаңдап балаңыз қайда жүр, үйіңізде ме деп сұрап жатамыз. Өз басым әрдайым осылай қоңырау шалып, қадағалап отырамын. Ал ата-анаға бәрібір сияқты көрінеді сондықтан.  Басты өтінішім, өз жауапкершілігін сезінсе екен».

Осылайша қос тарап арасында түсініспеушілік туындап отырғанда қалалық білім бөлімі де жасөсіпірімдер қылмысына ата-аналар жауапты дегенді алға тартуда.

Жанат Тәжиева, қалалық білім бөлімінің бастығы: «Жасырмаймыз, бүгінгі ата-аналар мен ұстаздар арасындағы бұл дауға, олар бір-бірін кінәләп әлек. Алайда ең бірінші кезекте ата-анадан дер едім. Бұлай бір-біріне сілтегенше, біріге жұмыс жасауы қажет қой. Ата-аналардың жауапкершілігі бірінші орында тағы да қайталаймын. Оқушылар ата-анасының айтқанына сенеді. Сонымен қоса, осы мәселеге арнайы заң қаралатын болса, ата-ана жауапкершілігіне қатысты қатаң қарау заңы басшылыққа ілінсе екен деп айтамын. Бала тәртібі, бала 18 жасқа толғанша ата-анасының қадағалауында болуы керек. Мектепте қайта психологтар жұмыс істеп, жауапты мамандар барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп-ақ жүр. Тәртіп бұзған балаларды жасырып қалмаймыз, қайта тәртібімен жұмыс жасап, барымызша қолдан келгенді басшылыққа алудамыз».

Өңірімізде әлеуметтік жағдайы жайсыз саналатын 600-ге тарта отбасы тіркелген. Салдарынан мектеп мұғалімдері біз зардап шегеміз деп шыр-пыр болуда. Осылайша мектеп пен ата-ана арасындағы түсініспеушілік жалғасып жатқанда, оқушылар арасындағы қылмыс саны бүгінгі таңда 241-ге жетіп үлгерді.