«Ұлас» балабақшасы мемлекеттің меншігіне өткен жоқ

287
"Ұлас" жекеменшік балабақшасының бұрыңғы қызметкерлері жалақысын ала алмай жүр
"Ұлас" жекеменшік балабақшасының бұрыңғы қызметкерлері жалақысын ала алмай жүр
«Ұлас» жекеменшік балабақшасының бұрыңғы қызметкерлері жалақысын ала алмай жүр

«Балабақша директоры соғып кетті»- деп шағымданған тәрбиешінің ісі тым күрделеніп барады. Естеріңізде болса жалақысын даулап «Ұлас» балабақшасына барған тәрбиешіні бөбекжай маңында көлік қағып, жарымжан боп қала жаздаған еді. Кейіннен ол еңбекақыны талап еткенім үшін директордың өзі қағып кетті деп мәлімдеген. Енді дәл осы балабақшадан жалақысын талап еткендер көбейіп кетті. Ал директордың ісі сотқа өткенімен, оның үстінен қылмыстық іс қозғалмаған. Наразы топ бассыз басшы жауапкершіліктен құтылып кетеді деп шыр- пыр.

Жалақысын ала алмай соққыға ұшыраған «Ұлас» балабақшасының бұрыңғы қызметкері Айжан Исламханованың заңды өкілі оны қорғауға бел буа кіріскен. Өзі жүгіріп, құқығын қорғауға денсаулығы жарамайды. Осыдан 19 күн бұрын орын алған оқиғадан есін әрең жиіп, әлі күнге дейін ешбір шара қолданылмағанына налиды. Әсіресе, тапталған құқығын арашалай алмай жүрген әпкесінің жол полициясы басқармасына өкпесі қара қазандай.

Зоя Исламханова, Айжанның әпкесі: «Ешқандай заңды жұмыс көріп тұрғаным жоқ. Жатқан Сыбайластық. Мейлі, ол сатып ала берсін, бірақ мен бір тиынсыз ағын ақ деп, қарасын қара деп шығарамын. Ешкім Ақпанбетоваға құл емес. Бәрінің сұрауы бар».

Ал жол полиция басқармасының мамандары өз деңгейінде тексеру жұмыстарын жүргізіп, істі бүгін сотқа жолдағандарын алға тартты.

Қуаныш Шалтаев, ІІД ЖПБ жеке батальон штаб бастығы, полиция подполковнигі:»Жауапты азаматшаның көлік жүргізу құжаты, арнайы рісімделген құжаттармен бірге Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Ал көлікті жүргізу үшін, заңда көрсетілген нұсқауларға байланысты уақытша көлік жүргізу куәлігі берілген. Шешімін сот шешеді».

Ал бұл кезде құқығы тапталған тәрбиешілер балабақша мемлекет қарамағына өтіп кететін болды деп даурыға бастады. Осылайша директор жауапкершіліктен құтылып кетпекші дейді жәбірленуші тарап.

Элмира Тлеукеева, қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары:»Шымкентте 72 жекеменшік балабақша бар. Оның 28-і мемлекеттік тапсырысты орындайды. Биыл да мемлекеттік тапсырыс конкурсы өтті. Оған «Ұлас» балабақшасы қатысты. Алайда комиссияның шешімімен бұл балабақшаға мемлекет тапсырысы берілген жоқ. Сондықтан да ол жекемншік балабақша».

Осыған дейін ешнарсеге қатысым жоқ деп келген Балжан Ақпанбетованың ісі енді сотта қаралмақ. Алайда қылмыстық емес, әкімшілік сотта. Ал жәберленуші Айжан Исламхнова бұған қанағаттанбайды, сондықтан да жоғары сотқа дейін арыздануға дайын.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=wn2a5HZLMPM[/youtube]