Ұшақ құлаған орын қоршауға алынды

247
АН-72 ұшағы апатқа ұшырады
АН-72 ұшағы апатқа ұшырады
АН-72 ұшағы апатқа ұшырады

Оқиға болған жерде анықтау-сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан да қатаң қоршауға алынып, тірі жанды жақындатпайды. Сайрам ауданының тұрғындары апат болған аймақты көру үшін ағылып келіп жатыр. Қызықтап емес, қайғысына ортақтасып дейді кейбіреуі.

Үміт Ерімбетов, Сайрам ауданының тұрғыны: «Жеті жарымда жанды, ол ауада жанып кетті. Содан жерге құлады. Ауыл жап-жарық болып кетті. 27 адам өлді деп естідік. Ауыл тұрғындарында үрей басым. »

Ал оқиға орнына жақын орналасқан мына үйдің тұрғындары кешелі бері абыр-сабыр күй кешуде. Аман қалғандарына қуанады.

Рахым Бөртаев, Сайрам ауданының тұрғыны: «Біздің ауылдың маңына құлады. Құдай сақтады. Летчикке рахмет, халыққа зиянын тигізбеді. Артында қалған балдары аман болсын».