«Әл-Фарабидегі» шығыс көрмесінен қапы қалмаңыз

Көрме 30 желтоқсанға дейін жалғасады
Көрме 30 желтоқсанға дейін жалғасады
Көрме 30 желтоқсанға дейін жалғасады

Шымкенттегі шығыс ертегісі. «Әл-Фараби» сауда орталығында көздің жауын алар тауарлар көрмесі ашылды. Үндістан мен Түркия және Ресейден әкелінген заттар Сіздің талғамыңызбен тең түсіп, қалтаңызға да салмақ салмайды. Көрмені ұйымдастырушылар табиғи материалдардан жасалған қолөнер туындыларын осылайша көпшілікке ұсынды.

Үнді мәдениетіне қанығып, шығыстың жан тебірентер әуені мен тәттісіне аңсарыңыз ауса, «Әл-Фараби» сауда кешеніне келіңіз. Екінші қабатта үш елдің 20 тауар өндірушісі шығыс базарының экзотикасын ұсынады. Халықаралық көрмеде іздегеніңіздің бәрі бар.

Әр сатушының сөресі өз әсемдігімен ерекше. Мұнда шығыс сәнқойларының әшекей заттарын сатыпалушылар таласып сатып алуда. Зергер Сандип Париктің айтуынша, шымкенттіктер тауардың сапасын бірінші кезекке қояды, сондықтан көрмеге Үндістаның ең үздік тауарларын әкеліпті.

Шығыс жауһарлары көрмесі Шымкентке осымен 4-рет өткізіліп отыр. Алайда бұл көрменің алдыңғылардан айырмашылығы бар. Өйткені, мұнда сіз Үндістанның тауарын алып қана қоймай, Түркия мен Ресейдің де өнер туындыларын көре аласыз. Емдік косметика, нағыз тастан жасалған әшекейлер, емдік балдың 30 түрі мен конфитюр көрмеде бар.

Киім-кешек пен опа-далап керек пе? Әлде сәніңізді келтірер сәндік бұйымдар қалаймысыз? Мүмкін үндінің атақты шәйі қажет шығар? Сату көрмесінде қажеттінің бәрі бар. Әсия Аюпова мұндай көрмеге осымен екінші рет келіпті. Себебі, оған үндістанның таза шәйі ұнаған.

Халықаралық көрме 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Санаулы күндер қалды. Олай болса, қазірден бастап Әл-Фарабиге асығыңыз.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=DyFYywX0Vdw[/youtube]