Әлеуметтік идея мен жобалардың жеңімпаздары анықталды

"Облыстық Азаматтық Альянс" қауымдастығы жеңімпаздарға қаржылай сыйақы берді
"Облыстық Азаматтық Альянс" қауымдастығы жеңімпаздарға қаржылай сыйақы берді
«Облыстық Азаматтық Альянс» қауымдастығы жеңімпаздарға қаржылай сыйақы берді

Үздік әлеуметтік идеяның авторы кім? «Облыстық Азаматтық Альянс» қауымдастығы үкіметтік емес ұйымдар арасында өткізілген байқаудың жеңімпаздарын анықтады. «Әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесіне қатысуға 12 қоғамдық бірлестік ниет білдірген болатын. Осылайша, «Азаматтық Альянс» қауымдастығы облыстағы үздік үш ұйымды анықтап, арнайы сыйақы берді.

Бір ай бойы жүргізілген байқаудың нәтижесінде мақтаралдық «Ана жүрегі» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз деп танылса, екінші орын Сайрамдағы «Дария» үкіметтік емес ұйымына бұйырды. Ал үшінші орынды «Созақ жастары» қоғамдық бірлестігі еншіледі. Бұл бірлестіктер ауылдағы түрлі проблемаларды көзбен көріп, шешудің оңтайлы жолын қарастырып жүрген азаматтар.

Қауымдастық мүшелерінің жәрмеңкені өткізудегі басты мақсаты – жұмыс істеп жүрген үкіметтік емес ұйымдардың жетістіктерін көрсетіп, бағытынан жаңылысқандарға демеу беру. Және қордаланған мәселелерді ортақ талқыға салып, шешімін тапса, басты міндеттің орындалғаны сол.

«Азаматтық альянс» қауымдастығы жәрмеңкені 4-рет өткізіп отыр. Олар дәстүрлі байқау арқылы саннан сапаға көшкісі келеді. Айта өтейік, облыста 400-ден аса үкіметтік емес ұйым болса, соның 50 пайызының аты бар да, заты жоқ.