«Таза қала» акциясы басталды

878

Шымкентте «Таза қала» акциясы басталды. Қала әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық альянсы» қауымдастығының мұрындық болуымен өтіп жатқан шара қала тұрғындарын жеке және көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын көріктендіруге, тазалығын сақтауға шақыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

bnews.kz

Арнайы құрылған комиссия осы талаптар бойынша ең таза аула, ең көрікті көшелерді анықтайтын болады. Акция қортындысы бойынша үздіктер қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы сыйақы көлемі де қомақты. Айта кетейік, шара маусым айынан 15 қыркүйекке дейін жалғаспақ.