«Қазмедприбор» мемлекет бағдарламасы аясында аяғына нық тұрған компания

381
медициналық құрылғылар тек Шымкентте жасалады
медициналық құрылғылар тек Шымкентте жасалады
медициналық құрылғылар тек Шымкентте жасалады

Бес жылдан бері нарықта өзіндік орнын тапқан «Қазмедприбор» компаниясы мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау алған кәсіпорындардың бірі әрі бірегейі. Жыл сайын медициналық құрылғылардың 260-тан аса түрін шығаратын өндіріс орнында жүзден аса жерлесіміз нәпақасын тауып отыр. Солардың бірі – жас маман Сәбит Битанов. Ол екі жылдан бері осында еңбек етіп келеді.

Сәбит Битанов, жұмысшы: «Осы жерде жұмыс жасап жатырмын. Жағдай жасалған. Айлығымызды ай-сайын уақытылы алып тұрамыз».

Бұл – компанияның осы жылғы жаңа өнімі. Бағасы 12 мың еуро тұратын балалардың медициналық кереуетіне сұраныс көп. Өйткені медициналық құрал-жабдықтарды өндіретін мұндай компания елімізде жоқтың қасы. Қазақстанның өзге аймақтарынан бөлек шетелден келетін тапсырыстарды дер кезінде орындап жатқан компанияның проблемалары да бар.

Берік Кенжебаев, «Қазмедприбор» ЖШС өндіріс басшысы: «Әрине, проблемаларымызда бар. Әсіресе, кадр мәселесіне келгенде қатты қиналамыз. Бізде дайын мамандар жоқ, өзіміз оқытып, өзіміз дайындаймыз. Десе де, компанияда жұмыс жасайтындардың қабілеттілігімен тапсырыстарды дер кезінде, әрі сапалы орындап жатырмыз».

Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізіліп, «Бизнестің-2020» бағдарламасы аясында жұмысын дөңгелетіп отырған компания басшылары, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысына риза.

Шолпан Қалжанова, «Қазмедприбор» ЖШС қаржылық директоры: «Біз кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, нарықта орнымызды үнемі өсіруге талпындырып отырған мемлекеттік бағдарламаларға ризамыз. Орталықтың атқарып отырған қызметін кәсіпкерлер жақсы бағалайды. Бұрын бір құжат үшін, бірнеше жерге барып аяғымыздан тозып, уақытты оздырып алатынбыз. Енді міне, барлығы бір жерге жиналып, аянбай қызмет көрсетуде».

Мемлекеттің қолдауына ие болған өнім өндірушілер болашақта да жаңа бастамалар болатынына сенімді. Олай дейтіні, биылғы жылдың өзіне тапсырыстар көп.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=najlwUXzaNc[/youtube]