2012 жылдың өткір істері бойынша мәлімдеме жасалды

319
СОТ
СОТ

Облыстық сотта өткен жылдың өткір істері бойынша мәлімдеме жасалды. Солардың бірі көктемде орын алған 46-шы мектептегі жаппай төбелес. Естеріңізде болса, білім ошағының оқушылары 16 жастағы жасөспірімді басынан қатты соққыға жығып, мүгедек еткен болатын. Жуырда ғана осы іске қатысты сот үкімі шықты.

Осыған байланысты үш жеткіншек кінәлі деп табылып, оның екеуі 4 жылға бас бостандығынан айрылса, үшіншісі 2 жылға сотталды. Бұл іс жасөспірімдерге қатысты болғандықтан, жабық түрде өтті. Дегенмен, жәбірленушінің атасы қылмысқа қатысы барлар түгелдей өз жазасын алған жоқ деп ашынады.

Ал 2012 жылдың сыбайластық бойынша ең аты-шулы қылмысы – салық басқармасының маманы Сағындықованың үстінен қозғалған іс болды. Ол 35 мың доллар пара алу үстінде ұсталған. Енді бұрынғы маман осы қылмысы үшін 10 жарым жылға түрмеге тоғытылды.