Шымкент тұрғындары полиция қызметкерлерін сабап тастады

253
соққыға жығылған полицейлердің жағдайы қазір жақсы

 

соққыға жығылған полицейлердің жағдайы қазір жақсы
соққыға жығылған полицейлердің жағдайы қазір жақсы

Шымкент тұрғындары полиция қызметкерлерін сабап тастады. Оқиға Қазығұрт шағынауданында болған. Жасы 25 тен асқан бір топ жігіт Абай аудандық полиция бөлімінің екі қызметкеріне күш көрсеткен. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.

Кикілжің полиция қызметкерлерінің тұрғындардан құжатын көрсетуін талап етуінен соң басталса керек. Қазір осы қылмысқа қатысы бар деген екі азамат қамауда. Тексеру кезінде ұсталғандарыдң бірінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқарамасында есепте тұратыны анықталды.

Тәртіп сақшыларына күш қолданған өзге күдіктілер іздестірілу үстінде. Айта өтейік қазір соққыға жығылған полицейлердің жағдайы жақсы, жұмыстарына кірісті.