Шымкентте өртке оранған көлікте балалар болған

311
"жигули" автокөлігі толығымен жанып кеткен
"жигули" автокөлігі толығымен жанып кеткен
«жигули» автокөлігі толығымен жанып кеткен

Шымкентте Мәделіқожа көшесінде орналасқан ХҚКО-ның маңында жигули автокөлігі жанып кетті. Аяқ астынан айдың күннің аманында өртке оранған көліктің ішінде 2 және 5 жасар балалар болған. Алдын ала бейресми дерек көздеріне сүйенсек, ХҚКО-на құжаттарын рәсімдеуге келген ата анасы екі баласын көлік ішінде қалдырып кетеді.

Ұйықтап жатқан балғындар ештеңе сезбестен «Жигули» салонында болған. Машина өртке оранғанда жанына өтіп бара жатқан куәгерлердің бірі балалрды көліктің салонынан алып шыққан. Қазір балалар ауруханаға жеткізіліп, 2 жасар сәби жан сақтау бөлімінде.

Алмас Еділбеков, өрт сөндіру қызметінің өкілі: «Бізге хабар жетісімен, оқиға орнына келдік. «Жигули-07» автокөлігінде орын алған өрт толығымен ауыздықталды. Қазір тексреу жұмыстары жүруде. Өрткезінде көлік ішінде болған 2 және 5 жасар балалар «Нұрсәттегі» облыстық балалар ауруханасына жеткізілген».