Шымкентте оңтүстіктің үздік спортшылары анықталды

780
"Жыл үздігі" - ОҚО бокс федерациясы
«Жыл үздігі» – ОҚО бокс федерациясы

2012 жыл Шымкенттік саңлақтар үшін сәтті  деп айтуға болады. Әрине, Лондон Олимпиадасынан жүлдесіз қайтқанымыз қынжылтады. Дегенмен өткен жылы оңтүстік спортшыларының қоржынға салған жүлделеріне көз жүгіртсек, жетістік көп екенін көру оңай.

Мәселен, Республикалық додалардың өзінде 650-ге жуық алтын медаль қоржынға салыныпты, ал Әлемдік аренада 8 жерлесіміз топ жарған. Жаңа жылды қарсы ала салысымен-ақ үздік спортшылармен спорт ордалары анықталды.

Спорттың дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің арнайы төс белгісіне Мұхтархан Ділдәбеков, Мырзағали Айтжанов, Біржан Жақыпов бастаған бір  топ жаттықтырушылармен спорт ардагерлері ие болды. Сондай-ақ, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың арнайы алғыс хатымен оңтүстіктің ең үздік бапкері атағына да ие болды.

"Жыл үздігі"- бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов
«Жыл үздігі»- бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов

Мырзағали Айтжанов, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері: «Өткен жыл жақсы, медальдарға мол жыл болды. Енді келесі жыл да жауапты кезеңдердің бірі. Әлемдік аренада топ жару үшін тер төгетін боламыз. 2012 жылдың жеңісін қайталауға тырысамыз. Оның үстіне оңтүстіктің боксшылары соңғы кездері қол жеткізе алмай жүрген Қазақстан чемпионатындағы алтын медальды жеңіп алдық».

Асқар Тұрысбеков бастаған бокстан оңтүстіктің федерациясы да спорттың бұл түрін дамытуға қосқан үлесі үшін «Жыл үздігі» атағына ие болды. Бұл федерацияның бастауымен биыл бір қатар аудандарда Олимпиадалық рингтер орнатылып, арнайы зал да ашылды.

"Жыл үздігі" - "Отырар" ТА спорт редакторы Сарбиназ Алдабергенова
«Жыл үздігі» – «Отырар» ТА спорт редакторы Сарбиназ Алдабергенова

Спортшыларға жасалынған жағдайдың арқасында облысымыздың бокс құрамасы Республикалық додадан алтын медаль жеңіп алып, алдағы Бразилияда өткелі жатқан Олимпиадаға дайындық оңтүстікте дұрыс бағытта жүріп жатқанын айқындай түсті.

"Жыл үздігі" - ОҚО бокс мектебінің директоры Мұхтархан Ділдәбеков
«Жыл үздігі» – ОҚО бокс мектебінің директоры Мұхтархан Ділдәбеков

Сондай-ақ, облыстық жекпе-жек спорт түрлері мектебі де 2012 жылғы жетістіктері үшін «Жыл үздігі» атағына ие болды. Сонымен қатар облыстық жүзу спорт түрлері мектебі де үздік танылды. Ал үздік спортшылар арасында Мөлдір Әзімбай, Жазира Жаппарқұл және де ағайынды Емильяновтар да болды.