Жылан кімге қалай әсер етеді?

Жаңа жылдан күтеріміз көп
Жаңа жылдан күтеріміз көп
Жаңа жылдан күтеріміз көп

Тоқтылар жыл басынан-ақ денсаулығына аса мән беріп, салауатты өмір салтын ұстануға ден қойғаны жөн. Тамақтану ережесін өзгерткені де артық болмайды. Бұл белгіде туылғандар жылан жылы мамандығын кәсіби меңгеруге мән бергені абзал. Сонда ғана жетістікке жете алады. Еңбегі жыл соңында бағаланып, марапатқа ие болады. Тек жауапкершілікті, еңбекқор болғаны дұрыс. Биыл қара түсті су жыланы жылы болғандықтан тоқтылардың жеке өмірінде таң қалатын оқиғалар көп болады, – дейді болжамшылар. Іскерлік сапарларға жиі шығады. Қызуқандылыққа бой беретін оқиғалар да көп болып, нәтижесінде біресе ұрсысуға, біресе татулыққа шақыруға мәжбүр болады.

Торпақтың денсаулығында қиындықтар жылан жылы аздап пайда болады. Егерде ағзасына мән бермесе, мәселе ушығып кетуі де ғажап емес. Оларға бір ғана кеңес беріледі: денсаулығына немқұрайлы қарамау. 2013 жылы кәсіпкер, шығармашылық адамдарын қызметі бойынша өсу күтіп тұр. Өзге мамандық иелері үшін жыл қалыпты жалғасады. Аздаған өзгерістер жазда орын алуы ғажап емес. Аса маңызды кездесулер болады. Торпақтар ақшаға мұқият болғаны дұрыс. Егер де сізден біреу қарыз сұраса мәдениетті түрде бас тартыңыз немесе тек сенімді адамға ғана беріңіз. Торпақтар үшін биыл үйлену тойы, өмірге сәби әкелу сияқты қуанышты жағдайлар көп болады деп сендіріп отыр жұлдызшылар.

Егіздер рухани тепе-теңдікті ұстағаны абзал. Денсаулығында ешқандай қиындықтар туындамайды. Дегенмен бұл алаңдаудың қажеті жоқ деген сөз емес. Әрбір жағдайды жүрекпен қабылдамағаны дұрыс. Мамандық бойынша бұрынғы мәселелері сол күйінде қалады. Егер де алдына нақты мақсат қойып, оны орындауға талпынса, өзгерістер орын алады. Қандай да бір өзгенің ұсынысынан бас тартқан дұрыс. Су жыланы жылында егіздердің махаббатта жолы болады. Бойдақтар екінші жартысын табады. Тек қызуқандылыққа бой бермеуге тырысу керек.

Шаяндар үшін 2013 жыл үш кезеңге бөлінеді. Қаңтар айында бәрі жақсы болады. Ал ақпан-сәуір айында ескі аурулары сыр беруі мүмкін. Бұған аса мән бермесе әрі қарай қиын болады. Денсаулығына мән бергені дұрыс. Қызметі бойынша да аздап қиындықтар бар. Іскерлік жағдайда өте сабырлы болу керек деп кеңес береді болжамшылар. Тек мәселелер күзде ғана шешімін таба бастайды. Шаяндар үшін жалпы жаз бен күз қолайлы мезгіл.

Арыстандар үшін жылан жылы жайлы болады. Егер де өзінің қызбалығымен қиындыққа бас ұрмаса болғаны. Тамақтануда абай болғаны жөн. «Ауру – астан» демекші, болмашы тамақтан уланып қалуы ғажап емес. Арыстандар үшін 2013 жылы қызмет бабында үлкен жетістіктерге толы болады. Жылан жылында арыстандар жаңа идеяларын жүзеге асырып, арманына жетеді. Қаржы мәселесінде кіріс те, шығын да көп болады. Осындай жетістіктеріне қарамастан арыстандардың жеке өмірінде айтарлықтай оқиғалар мен кездесулер бола қоймайды.

Бикеш жылан жылы бас-талысымен спортқа ден қойғаны дұрыс. Бұл оның күйзелісті жеңуіне үлкен көмегін тигізеді. Бұл жылы бикеш белгісінде туылғандар ашуланшақтық мінезін жеңіп, өзгереді. Қызметте жолы болады. Жоғарылау күтіп тұр. Тіпті мамандығын, жұмыс орнын ауыстыруы да ғажап емес. Шығармашылық адамдарының өмірінде де үлкен өзгерістер орын алады. Қаржылық жағдайы қыс пен күзде жақсарады. Бикештер жылан жылы серігін тауып, бақытқа кенеледі деген болжам бар. Осы белгіде туылған жанұялы жандардың арасында жанжалдар көп болмайды.

Таразылар жылан жылында денсаулығына алаңдамаса да болады. Жыл өте қолайлы өтеді. Дегенмен, егде жастағылардың ескі науқасы сыр беруі мүмкін. Сондықтан дәрігердің қадағалауында болғаны абзал. Таразылар биыл көп еңбектенеді. Оның марапаты да жоқ емес. Қаражат мәселесінде аса қиындықтар болмайды. Су жыланы жылында таразылар өзінің абыройын өзі көтеруге тырысады. Ескі таныстарды жолықтырып, жақсы кездесулер болады.

Сарышаянды болмашыға қызуқандылық танытатын мінезі көп қиындыққа ұрындырады. Сәуір-маусым айларында және қазанда даулы мәселелерге араласпағаны дұрыс. Соңы өршіп, іс насырға шауып кетуі мүмкін. Бір қуанарлығы, денсаулығы сыр бермейді. Жыл тыныш өтеді. Қызмет бабында да үлкен өзгерістер болмайды. Ұжымда әріптестер, дос-тар арасында жанжалды жәйттерге араласпағаны абзал. Жылан жылында сарышаяндар артық ақша жұмсамағаны дұрыс, – дейді жұлдызшылар. Қаражатты үнемдегені жөн. Бойдақтардың да, жанұялы жандардың да өмірі қалыпты жалғасады.

Мерген үшін 2013 жылы денсаулығына алаңдауына негіз жоқ. Жүйке жүйесіне салмақ түсірмесе болғаны. Қызметте қалыпты өмір жалғасады. Мерген белгісінде туылған шығармашылық адамдар жаңа идеяларды жүзеге асырып, күтпеген жетістіктерге қол жеткізеді. Ал іскер, әскери қызметкерлерді жоғарылау күтіп тұр. Тек жұмысын атқаруды біреуге сеніп тапсырмағаны абзал. Өзіңізге ғана сеніңіз. Ақшаны мергендер мақсатсыз жұмсамайды. Сондықтан бәрі орнымен болады. Жеке өмірінде өзгерістер орын алады. Тек ұзақ ойланудың қажеті жоқ, кедергісі тиюі мүмкін.

Тауешкі денсаулығына аса мән бергені абзал деп кеңес береді жұлдызшылар. Уақытында дәрігерге қаралмаса науқасы ұзаққа созылу мүмкін. Салауатты өмір салтын белсенді түрде ұстанғаны дұрыс. Сол кезде ғана өзін қалыпты сезінеді. Бұл жыл тауешкілерге айтарлықтай сәттілік әкеледі. Қызметі өседі. Мамандығын кәсіби тұрғыда дамыту жыл бойына жалғасады. Тек жылдың соңғы екі айында аздаған қиындықтар орын алуы мүмкін. Тауешкілер үшін жылан жылы жақсы қаражат кірісін әкеледі. Қыс, көктем, күз айлары өте жақсы, әрі қалыпты өтеді. Тауешкілердің жеке өмірінде 2013 жылы аздап проблемалар болады. Өзіне сенбеушілік сәтсіздікке ұрындыруы мүмкін.

Суқұйғыш өзін жақсы күтуі керек. Тұмау, суық тию сияқты аурулар мазалайды. Қызметте көп еңбектенуіне тура келеді. Тек шыдамдылық керек. Бұл жылы болмаса да, алдағы уақытта оның марапаты болады. Жылан жылында бұл белгіде туылғандар үшін кіріс мол болады. Бірақ суқұйғыштар қалай болғанда да ақшасын әмиянда сақтай алмайды. Қаражаты мақсатсыз, көктемде тез еріген қардай жұмсалып кете береді. Суқұйғыштың жеке өмірінде қуантатын және жабырқататын сәттер көп болады. Ескі махаббатын жолықтыруы да мүмкін.

Балықтар денсаулығына аса мән берсін, – дейді болжамшылар. Ал қызметте бастықпен келіспеушілік қарым-қатынас орнатпаса бәрі жақсы болады. Егер де қызуқандылыққа бой бермей, бірқалыптылықты сақтаса, жоғарылауы мүмкін. Жылан жылында балықтардың қалтасы қалыңдайды. Сапары көп болады. Тек мұны күтпеген жәйт ретінде қабылдамай, оған осы бастан дайындалғаны жөн. Тұрғын үй мәселесі осы жылы шешіледі. Тек жақындармен жанжалдаспай, арадағы жағдайды жақсартуға тырысқаны жөн. Сабыр түбі сары алтын екенін ұмытпаңыз. Кешірімді болыңыз деп кеңес беріледі.

Дайындаған – Ғалия ҚЫЛЫШБАЕВА