Қала әкімінің есебін облыс басшысы тыңдады

307
Қайрат Молдасейітов-Шымкент қаласының әкімі
Қайрат Молдасейітов-Шымкент қаласының әкімі
Қайрат Молдасейітов-Шымкент қаласының әкімі

Қала әкімі Қайрат Молдасейтовтің есеп беру жиынында зиялы қауым өкілдері қасиетті Қошқарата мен Бадам өзендері жағалауын аббатандыру бағытында атқарылған жұмыстарға көңілдері толмайтынын жеткізді. Қыруар қаржы жұмсалып, жобалар да әзірленуде. Алайда, жұмыста жүйеліктің жоқтығынан – бір әкімнің бастамасын екіншісі жалғастырмайтыны салдарынан іс аяқсыз қалуда деген сын айтылды.

Бұл қала әкімінің соңғы есеп беру жиыны. Оны тұрғындармен бірге облыс әкімі де тыңдады. Ал есеп беруге қатысқандар айтарын ішінде бүгіп жатпады

112-орамның тұрғыны: «112-орамда ирригиациялық жүйелер тапшы. Сонымен қатар, кәріз жүйесін де ойластырған жөн. Кешкі уақытта балаларымыз мектептен қайтқанда, қараңғы. Көше жолдарын жарықтандыру мәселесіне назар аударсаңыздар».

Қайрат Молдасеитов , қала әкімі: «Бұл мәселемен таныспын. Ирригациялық жүйені жүргіземіз дегенде тұрғындар қарсылық білдірді. Айта барыңыз ауылдағылар келісімін берсін. Ал кәріз жүйесіне қатысты бөлім мамандарына тапсырма бердім. Олар жағдайды зерттеп көрсін, өз ұсыныстарын берсін. Шешеміз».

Ынтымақ-2  шағынауданының тұрғыны: «Бізде жарық мәселесі шешілмеген. Жоғары тарифпен төлейміз. Подстанциямыздың қуаты жетпейді. Көмектесіңіздер».

Людмила Иванова, Уәлиханов көшесінің тұрғыны:  Біздің ауламыздың және жолдың жөнделмегеніне қанша уақыт өтті. Ағымдағы жылы тізімге енгізеді деген сенімдеміз».

Коммуналдық қызметтегі олқылықтарды депутаттар да көтерді. Әсіресе түрлі төлемдер мәселесінде проблема көп дейді Өмірзақ Мелдеханов. Тіпті монополистердің әрекетіне назар аудармаса болмайды деген ойда.

Жиында сондай-ақ Шымкентте троллейбустар жүргізу керек деген бастама да көтерілді. Бұл Шымкенттің экологиялық ахуалын жақсарту үшін қажет. Бірақ, билік мұны не қолдайтынын, не жоққа шығаратынын айтпады. Тек қана Шымкенттегі барлық өзгерістер былтыр қабылданған бас жоспарға сәйкес жүргізіледі деді.