Шұғыл: 6506 әскери бөлімінде сарбаз асылып өлді

375
6506 әскери бөлімінде сарбаз о дүниеге аттанды
6506 әскери бөлімінде сарбаз о дүниеге аттанды
6506 әскери бөлімінде сарбаз о дүниеге аттанды

Шымкентте әскери бөлімшеде солдат асылып өлді. Шымкенттегі 65/06 әскери бөлімінде Ақмола облысынан шақырылған сарбаз асылып өлді. Бұл туралы әскери бөлімнің офицері Алфия Ахметжанова хабарлады.

Оның айтуынша, таңертең сағат 5-00 де бұл сарбаз дәретханаға барған. Мұның барлығы сол маңдағы бейнебақылау камерасына түскен екен. Әскерилер ұйқыдан оянғанда бірінің жоқ екені анықталыпты. Іздеу нәтижесінде әскеридің мүрдесі дәретханадан табылыпты.

Марқұм болған әскери 1992 жылы 15 шілдеге туған. Өткен жылы әскери қызметке шақыртылған. Оның неліктен асылып қалғаны белгісіз.

Қазір марқұмның әкесі Шымкентке келді. Мәйітті ол ертең ұшақпен Ақмолаға алып кетпек. Оқиғаның мән-жайы қазір тексеріліп жатыр.