Сарбаздар аналарына деген сәлемін суреттері арқылы жеткізді

Сарбаздар өнерлерін көрсетуде

8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесін 65/06 әскери бөлімі атап өтті. Сарбаздар Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасына келіп, құттықтықтау шарасын өткізді. Әскери борышын өтеп жүргендер ана тақырыбында әндер орындап, жылы лебіздерін білдірді. Оған қоса қаламыздағы Жамал Омарова атындағы №1 балалар саз мектебінің бір топ оқушылары да әншашуларын ала келіпті. 

Сарбаздар өнерлерін көрсетуде
Сарбаздар өнерлерін көрсетуде

Сондай- ақ әскери бөлімде сурет байқауы ұйымдастырылған болатын. Мереке қарсаңында жеңімпаздар анықталып, үздік жұмыстар белгілі болды. Еліміздің түкпір түкпірінен келген сарбаздар аналарына деген сағыныштарын сурет салу арқылы білдіріпті.

Сурет байқауынан
Сурет байқауынан

«Мен Қостанай қаласынан келдім. Әрине, анамды өте қатты сағындым. Суретте ұлын асыға күткен анасы мен отбасын сағынған сарбазды бейнеледім. Онымен анам мен қарындасыма «мені күтіңдер, 9 айдан кейін үйге ораламын және мерекелеріңмен құттықаймын дегім келді» , – дейді қатардағы жауынгердің бірі Владимир.