Әскерден қашқан жауынгер табылды

449
Жауынгер

Шымкенттегі Қаратау полиция бөлімінің қызметкерлері әскери бөлімнен өз бетімен кетіп қалған жауынгерді тапты.

Оқиға 17 қараша күні болған. Облыстық ішкі істер департаментіне Шымкеттегі №6506 әскери бөлімінен суыт хабар түседі. Онда осы бөлімге Шығыс Қазақстан облысынан келген 21 жастағы жігіттің өз бетімен кетіп қалғаны жайлы айтылған.

Жауынгерді іздеуге әскери бөлім мен ішкі істер департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Арада 1 тәулік өткен соң, іздеуде жүрген сарбаз табылды. Таңғы сағат 07:30-да жұмысқа бара жатқан Қаратау ауданының учаскелік инспекторлары жолдың шетінде кетіп бара жатқан әскери киімдегі жігітті байқайды.

Жауынгер

Оны тоқтатып, сұрау барысында бұл жігіттің әскери бөлімнен өз бетімен кетіп қалған сарбаз екені анықталды.

Жауынгер

Тәртіп сақшылары жігітті Қаратау полиция бөліміне жеткізді. Осында келген әскери бөлімнің басшылығы сарбазды танып алады. Қазір жігіттің неліктен бұл қадамға барғаны тексерілу үстінде.