ОҚО ІІД баспасөз қызметі басшысының мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Қазақ-өзбек шекарасынан өтпекке әрекеттенгенде жарақаттанды.
Белгілі болғандай, Ынтымақ ауылының 26 жастағы тұрғыны беліне тиген оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оқ ер адамның құрсақ қуысын тесіп өткен, оның бүйрегі мен ішектеріне зақым келді.
Қазіргі кезде ол Сарыағаш ауданының ауруханасында жатыр. Іс әскери-тергеу басқармасына жіберілді.