Шымкентте бильярд-клуб өртенді

320
Бильярд-клубтың шатыры толығымен өртенді
Бильярд-клубтың шатыры толығымен өртенді
Бильярд-клубтың шатыры толығымен өртенді

Қаламыздағы 11-шағынауданда орналасқан «Достық» бильярд-клубы өртенді. Тілсіз жаудың лап қойғаны туралы 101 жедел-мәзіріне таңғы сағат 6.40 -та хабар жеткен.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 7 өртсөндіру көлігі жұмылдырылыпты. Айта өтейік, бұл апаттың ауырлылығы 2-ші дәрежелі деп саналады. Бильярд-клубтың шатырымен қоса, алаңы өртке оранып, 800 шаршы метрді қамтыды. Тіпті, айнала-көрші ғимараттарға да залалы келеді деген қауіп те болды: дәріхана, сұлулық салоны және дүкен. Бірақ, өртпен арпалысқан мамандар бұл қауіпті артта қалдырды.

Өртті сөндіру барысында отқа оранған ғимараттың ішінен 2 баллон шығарылған. Бірі – пропанмен, екіншісі – ауаға толы. Бір сағат ішінде от өшіріліп, сағат тілі 8.20-ны көрсеткенде толығымен өрт сөндірілді деген хабарлама жіберілген. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ. Енді өрттің шығу себептері анықталу үсінде.