Шымкенттік 45 отбасы баспаналы болды

201
"Нұрсәт" шағынауданындағы тағы бір көпқабатты үй пайдалануға берілді
"Нұрсәт" шағынауданындағы тағы бір көпқабатты үй пайдалануға берілді
«Нұрсәт» шағынауданындағы тағы бір көпқабатты үй пайдалануға берілді

«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында «Нұрсәт» шағынауданынан кезекті пәтер кілттері тұрғындарға тапсырылды. Армандары орындалған жандар – сонау 90-шы жылдардан бері кезекте тұрғандар. Баспаналы болған жерлестеріміздің қуанышымен біздің түсіру тобымыз да бөлісіп қайтты.

«Қолжетімді баспана» бағдарламасы басталғаны үймен қамтылған жүздеген азаматтың қатарында әскери борышын Ауған жерінде өтеген Асылған Байболов та бар. Баспана кезегіне 1991 жылдан бері тұрған үш баланың әкесі көлемі 75 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды. Енді ұстаз уайымсыз бала тәрбиесін жалғастыра бермек.

Өткен жылы Шымкент қаласында 43 үйдің құрылысы басталып, соның 15 қолданысқа берілді. Нәтижесінде 430 отбасы көптен күткен армандарына жетті. Баспана кезегіндегі ҰОС-ның ардагерлері өздеріне тиесілі баспаналарын алды. Тап осы көпқабаты үйді салған мердігерлер де «баспана тауқыметін тарқан отбасылардың қуанышына нысанды сапалы жасадық»,-дейді.

Шымкент қаласындағы өткен жылдан өтпелі 10 үйдің құрылысы ақпан айының соңында аяқталады деп жоспарлануда. Олай болса әлі талай отбасының армандары орындалады деген сөз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=WJpdamKBMw8[/youtube]