Таксистің де патенті болуы тиіс

362
Жол сақшысына бағынбаған жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Мұндай рейдтер алдағы уақытта та жалғасады
Мұндай рейдтер алдағы уақытта та жалғасады

Жолаушы тасымалдау үшін патент керек! Алайда, шымкенттік таксистердің жартысына жуығында патент жоқ болып шықты. Мұны салықшылар анықтап отыр. Олар таяуда жол полициясының инспекторларымен бірігіп, рейд өткізді. 1 сағатқа жуық тексерудің кезінде тоқтатылған такси жүргізушілерінің 40 пайызына жуығында патент жоқ екені анықталды.

Көлік иелері мұндай ережеден хабарымыз жоқ деп ақталса, салықшылар жыл сайын ескертеміз деп отыр. Дегенмен, жүргізушілердің салғыртығы әлі де жойылмай тұр. Айта кету керек, патент рәсімдеген жүргізушілер жеке кәсіпкер санатына қосылып, мемлекетке салық төлейді. Ал ол салықтың көлемі бір айдағы жалпы табыстың екі пайызын құрайды.

Сонда, қарабайыр есеппен бір айда адам тасып, 100 000 (жүз мың) теңге тапсаңыз, бар-жоғы 2 мың теңге салық төлейсіз. Дегенмен, осы ақшаның өзін қиынсынатындар жетіп-артылады. Ал бұл салықтың халық қазынасы екенін ескерсек, жолда тоқтатқан тәртіп сақшыларының патенті жоқтардың маңдайынан сипай қоймасы анық.

Мысалы, бұл жолы тоқтатылған жүргізушілердің арасынан патент жоқтарына мамандар ескерту жасады. Егер олар 5 күннің ішінде патент алмаса, үйлеріне тағы да ескерту қағазы жіберіледі. Ал оған да көнбегендер 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Олай болса, жолға шығарда патент алуды ұмытпаңыз, ағайын!