Ұзынарық ауылының тұрғындары лай су ішіп отыр

1103
шелекпен алған суды тұндырып қояды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында ағын суды мал да  ішеді, адам да ішеді. Ұзынарық ауылының тұрғындары амалсыз осындай қадамға барып отыр. Ал небәрі төрт жыл бұрын ғана тартылған су құбыры істен шығып, жарамсыз күйге түскен.

Ұзынарықтық ағайынның су ішетін арығы осы
Ұзынарықтық ағайынның су ішетін арығы осы

Төрт баланың анасы Дүрия апай таң атысымен судың қамына кіріседі. Арықтан ағын суды әкеліп алдымен тұндырып қояды. Осылай, лайлы суды асқа да тұрмыс қа пайдалануға мәжбүр.

Дүрия Қозыкеева, Ұзынарық ауылының тұрғыны: «Ішетініміз осы. Шетімізден аллергия балдар. Бізге ешнәрсе емес. Лай су. Кір жуады осымен. Мал ішеді».

Мыңнан аса халқы бар Ұзынарық ауылының жартысына төрт жыл бұрын су құбыры тартылған. Оның өзі биылғы қысқа төтеп бере алмай, істен шыққан. Содан бері су іздеген жұрт сандалып кеттік дейді. Көлігі барлар көрші ауылдан тасыса, енді бірі құдықтың ащы суын ішіп амалдауда. Көбі арықтағы ағын суға қарап қалған.

шелекпен алған суды тұндырып қояды
шелекпен алған суды тұндырып қояды

Бекмұрат Әштаев, Ұзынарық ауылының тұрғыны: » Қыста қатып қалады. Жазда жоқ боп қалады. Кімге барарымызды да білмейміз. Айта, айта болдық».

Бәрінен де ауыл балаларына қиын соғып тұр. Өйткені мектепте де су тапшы. Мұндағы оқушылар қол жууды ұмытқалы қашан. Ішетін суларын өздері алып келеді, арқалап

Ұлықбек Жақсыбаев, мектептің шаруашылық жөніндегі меңгерушісі: «Ауыз суға тарығып, балдар өздері үйден баклашкамен суларын әкеліп, ішіп жатыр. Енді мектепке пайдаланатын суды өзіміздің құдығымыздан аламыз. Котельныйға құятын су, пол жуатын суды содан алып күн көріп жатырмыз».

«Ленгір су» мекемесінің мамандары болса Ұзынарық ауылында тартылған құбырлар бізге әлі өтпеген деп басын алып қашты. Бірақ, құбырлардың істен шығуын қыстың қатты болуымен байланыстырады. Қатты дауылдан электр желілері үзіліп, насос істен шыққан көрінеді. Содан құбырдағы су қатып қалыпты.

Нұрбол Өмірбаев, «Ленгір су» МКК директоры: «Қазіргі таңда біз оны еріте алмай жатырмыз. Себебі водопроводтардың барлығы полиэтиленнен жасалған. Енді ойлап отырмыз 1-2 күннің ішінде ерітіп, әрекетімізді жасап, су береміз деп».

Ауыз суға жауапты мекеме қазір ауылды толығымен тіршілік нәрімен қамту үшін жаңа жоба әзірлегендерін айтады. Енді тек мемлекеттен 37 млн. теңге сұрап отыр. Бұл бастама іске асқанша ауылдағы ағайынға лайланған сумен күнелтуге тура келеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=3SEKXjJZp_M[/youtube]