«Алас күні» жалпыхалықтық тазалыққа үндейді

1310

«Көктем шуағы» күнімен бастау алған мерекелік іс шаралар тізбегі бүгін «Алас күнімен» жалғасады. Осыған орай қала әкімдігі шымқалалықтарды жаппай сенбілікке шақырады. «Тазару мен жаңару мейрамында қала тазалығына атсалысуға шақырады. Әрбір көше, әрбір ауланың тазалығына аса мән беріп, «алас күнінде» ауызбіршілік танытуға үндеп отыр қала басшылығы.

Жандос Қарынбаев, Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі: «Көктем келіп, жер дүние жаңарып, тіршілік түлеп жатқан тұста «алас күнін» өткізілмекші. Аластаудың өзі тазару мағынасын беред. Осыған орай барлық қала тұрғындарын, мекеме ұжымдарын жалпыхалықтық сенбілікке атсалысуға шақырамыз».

Шымкент қаласындағы саябақтарда ағаш көшеттері отырғызылады. Жоғарғы оқу орындары мен арнаулы орта білім ұяларының студенттері же, жастар қауымы да жұмылдырылмақ сенбілікке.

"Алас күні" саябақтарға көшет егілед
«Алас күні» саябақтарға көшет егіледі