Наурызды тойлау қарияларды құрметтеуден басталды

490
Ардагерлер үйіндегі қарияларға құрмет көрсетілді

Оңтүстікке Наурыз келді! Қазақ халықының ескі жыл санауы бойынша, осы күннен Наурыз мерекесі бастауын алады. Еліміздің батыс өңірлерінде осы күні көрісу амалдары жасалады. Биылғы Наурызды ерекше қарсы аламыз деп ниеттенген облыс басшылығы 14-наурызды Көктем шуағын ала келсін деген пейілмен, қарияларға сәлем беріп, Жыл басы мейрамымен осы сәттен бастап құттықтауды жөн санапты.

Ардагерлер үйіндегі қарияларға құрмет көрсетілді
Ардагерлер үйіндегі қарияларға құрмет көрсетілді

Үлкенге құрмет көрсету бізге тән қасиет. Осы үрдіспен көктемге аман-есен жетіп, Ұлы мерекені ұлықтаған қарияларды ұрпағы құттықтап жатыр. Наурызды бір күн емес, тоғыз күн тойлауды ниет еткен облыс басшылығы бірінші күні ардагерлерге құрмет көрсетіп Күн шуағын барлығы сезінсін деп, арнайы салем бере барды.

Берік Оспанов, облыс әкімінің орынбасары: » Бұл іс-шара Қазақстанда бірінші болып Оңтүстікте басталып жатыр. Басқа облыстарда мұндай жасалған жоқ. Бірақ, біз ойлаймыз, бұл ібасталған іс-шара біздің елімізде ары-қарай өзінің жалғасын табады деп».

Аналарға ақжаулық сыйласа, қарияларға тақия берілді
Аналарға ақжаулық сыйласа, қарияларға тақия берілді

Облысымыздағы бұл ардагерлер үйінде бір жылда төрт мыңға жуық қарт демалады, тегін. Бүгінгі дастарханға жиналғаны екі жүздей болғанымен, барлығының тілегі бір.

Пәрдай Жақыпбекова, Ардагерлер үйінің демалушысы, Кентау қаласының тұрғыны: «Айналайын, басшыларға рахмет. Үлкеніміз бар ғой деп, бата сұрай келіпті. Өссін, өнсін, көгерсін. Бастамалары ұнады, келер ұрпаққа өнеге болсын».

Оңласын Сланова, Ардагерлер үйінің демалушысы, Жетісай қаласының тұрғыны: «Наурыз тойы құтты болсын! Әжелеріміз кимешек киіп, қыздарымыз әдемі болып жүрсін. Бұл мерекенің белгісі».

Үлкендер батасын берді. Сөйтіп, мерекенің шымылдығы да түрілді. Алда шаттыққа толы сегіз күн бар. Наурызды айрықша атап өту идеясын ұсынған Серік Ерғалиді бірінші болып, оңтүстік қолдады.

Серік Ерғали
Серік Ерғали

Серік Ерғали, идея авторы: «Оңтүстік өңірде үлкен мереке басталып кетті. Бұл Қазақстанға міндетті түрде үлгі болады.Бұл қазақтың бұрыңғы өзінің дәстүрі. Біз жүйелеп, тоғыз күнге келтіріп, жүйелеп, өзіне бере қойдық. Ешнарсе өзгерткен жоқпыз. Мұқағали айтқандай, қазақтың өзінің дәстүрін шекпен жауып, шапанымен тақиясын іліп, беріп отырмыз».

Қазыналы қарттардың қуанышында шек жоқ
Қазыналы қарттардың қуанышында шек жоқ

Мәне, сол дәстүр жаңарып, жаңғырып қайта бастауын алды. Көктем Оңтүстіктен басталады!

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=E4O43LpCuqU[/youtube]