Оңтүстікте жолаушыларды жүргізуші куәлігінсіз тасымалдайтын жүргізушілер бар!

328
Бір сәтте жолдың бір бөлігінде ондаған жол полицейлері кезекшілікке шықты
Бір сәтте жолдың бір бөлігінде ондаған жол полицейлері кезекшілікке шықты
Бір сәтте жолдың бір бөлігінде ондаған жол полицейлері кезекшілікке шықты

Оңтүстікте жолаушыларды жүргізуші куәлігінсіз тасымалдайтын жүргізушілер бар! Бұл факті жол полицейлері жүргізген рейд барысында анықталды. Инспекторлар, әсіресе, жолаушылар тасымалдаумен айналысатын автобустар мен шағын автобустар жаппай тексеріп жатыр.

Көліктің аса лас болуы да әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады
Көліктің аса лас болуы да әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады

 

Оған тағы бір себеп – соңғы күндері тасжолдардың үстінде жүк көліктері мен автобустардың апатқа ұшырауы жиілеп кетті. Бұл рейдті жол полициясы басқармасының қызметкерлері мен көліктік бақылау комитетінің өкілдері бірлесіп ұйымдастыруда. Бұл жолы күшейтілген топ Шымкент-Түркістан бағытындағы автобустар мен жекеменшік таксилерді бақылауға алды. Көзге түскен көліктердің арасында сырты апталап су көрмеген автобустар да болды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, автокөліктердің, әсіресе, жолаушылар көлігі мен жүк көліктерінің қатты кір болуы да әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.

 

 

 

Көлігін жүргізуші куәлігінсіз басқарған азамат
Көлігін жүргізуші куәлігінсіз басқарған азамат

 

Сонымен, рейдтің алғашқы 20 минутының ішінде бірнеше жол жүру ережесін бұзу фактісі тіркеліп үлгерді. Солардың бірі – жолаушылар лық толған шағын автобусты жүргізуші куәлігінсіз басқарып келе жатқан мына азамат.

«-Правоң бар ма?
– Бар ғой…
– Бар болса, көрсетпейсің ба енді?
– Енді таба алмай жатырмын да, енді… Бір жерде түсіп қалды ма, әлде үйде қалып кетті ма, білмей тұрмын…
– Сіздің есіміңіз кім?
-Дәулет.
– Дәулет, автокөлігіңізді мен айдап, айып тұрағына апарамыз. Рұқсат болса, жолаушылардың қасына отыруыңызды сұранамын. Мен сіздің автокөлігіңізді айдаймын. Қалай түсіндіңіз?
– Болды.»

Мына көлік секілді алдыңғы әйнекті күңгірттеп алу - өреске ереже бұзуға жатады
Мына көлік секілді алдыңғы әйнекті күңгірттеп алу – өреске ереже бұзуға жатады

 

Осылайша жол жүру ережесін өрескел бұзған азаматтың көлігі ақылы айып тұрағына әкетілді. Сол секілді тағы бір жеңіл көліктің жүргізушісі алдыңғы терезесін күңгірттеп алғаны анықталды. Мұнымен қоймай, күннің әлі жарық екеніне қарамастан, бұл көліктің иесі ксенон шам орнатып алған болып шықты. Сонда, түн ішінде осы көлікке қарсы келе жатқан адамдардың көзіне жарықтың қалай түсетінін өзіңіз есептей беріңіз. Мұндайды, әсіресе, жол жүрудің жазылған-жазылмаған заңдылықтарын қатаң сақтайтын жүргізушілер жақсы түсінеді.

 

 

 

 

Бір сағатытң ішінде ондаған әкімшілік хаттама толтырылды
Бір сағатытң ішінде ондаған әкімшілік хаттама толтырылды

«Жол полициясы басқармасының жеке батальон инспекторлары және көліктік бақылау инспекциясы бірігіп осындай ауқымды рейдтік іс-шараларды қолға алдық. Мұндағы мақсатымыз – жүргізушілер тарапынан орын алатын жол жүру ережесін бұзу фактілерін анықтау, мүмкіндігінше алдын алу. Өздеріңіз көріп отырғандай, бүгінгі рейдтің алғашқы сағатының өзінде 12 жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды. Енді олар ірі көлемдегі айыппұл төлейді» дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне қарасты жол полициясы басқармасының жеке батальон командирі міндетін атқарушы Сәкен Оспанов мырза.

 

 

Мына көліктің ішіне адам емес, жүк лық толтырылыпты
Мына көліктің ішіне адам емес, жүк лық толтырылыпты

 

Сондай-ақ, кейбір бағыттағы таксилердің шамадан тыс жүк артып алғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, кейбірін басқарып отырған жүргізушілердің құжаттары да түгел емес. Ал енді бірқатар жүк көліктері мен автобустардың бағытқа шығуға арналған тиісті парағы да жоқ. Бұл мәселемен көліктік бақылау комитетінің мамандары айналысуда.

 

 

 

 

 

Жол сақшылары жүк көліктері мен автобустардың апаты әсіресе, көктем және жаз айларында жиілейтінін айтады. Өйткені осы уақыт аралығында қозғалыс көбейеді. Енді тәртіп сақшылары жол үстіндегі апаттың алдын алу үшін осындай рейдтік жұмыстарды тәулік бойы жүргіземіз дейді.

Бұл - жол сақшылары мен көліктік бақылау инспекциясының мамандары бірлескен ауқымды рейд болды
Бұл – жол сақшылары мен көліктік бақылау инспекциясының мамандары бірлескен ауқымды рейд болды

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=g4iWS72fT80[/youtube]