Су тасқыны болуы мүмкін

1169
2012 жылы Ордабасы ауданын су басқан болатын
2012 жылы Ордабасы ауданын су басқан болатын
2012 жылы Ордабасы ауданын су басқан болатын

Еріген қар мен жаңбыр суының салдарынан оңтүстікте тағы да су тасқыны болуы мүмкін.

Бұл туралы ТЖМ-нің баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып мәлімдеме таратты.

Ол аздай демалыс күндері де жауын-шашынды болады деп отыр синоптиктер. Солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 8-13м\с , кей жерлерде 15-20 м\с дейін жетеді. Таулы аудандарда тұман түседі.

Ауа температурасы күндіз 9,14 градус жылы, түнде термометр көрсеткіші 2,7 градус жылылықты көрсетеді, кей жерлерде 3 градус суық болады деп болжауда.

Тек алдағы аптаның алғашқы күндерінен бастап күн ашық болады.  Ауа температурасы күндіз 22,27 градус жылы болса, түнде 8,13 градусқа дейін көтеріледі.