Тас тасушылар табиғатты талқандап тастады

844
Жүк тасушы көліктер тасты тасып жатыр, қайда?
Жүк тасушы көліктер тасты тасып жатыр, қайда?
Жүк тасушы көліктер тасты тасып жатыр, қайда?

Арыс өзенінің жағалауында заңсыз тас өндіруші каръерлердің кесірінен бірнеше ауыл су астында қалуы мүмкін. Су арнасын реттеп жатқан тас пен топырақ жылдар бойы қолды болып келеді. Нәтижесінде өзен жағасы жайылып, тоғайлар оталып кеткен. Бүгін жағдайды облыс әкімінің орынбасары көзбен көріп қайтты.

Облыс әкімінің орынбасары Сакен Қаныбеков бұл әрекеттерге тосқауыл қоюды сөзбен айтып қойып, кейінге қалдыруға болмайды дейді. Онсыз да табиғатқа аяусыздықпен қарап, тас-талқанын шығарған  каръерлер түбіне дейін  жоюға шақ.  Тез арада өзен жағасына арнайы күзет керек деп түйіндеді ол.

Ордасы ауданының орталығы, Темірлан ауылы маңынан өтетін өзен жағалауында қазір бірнеше тас өндіруші компания жұмыс істейді. Біреуінің өзі заңды түрде берілген 14 гектар жерден бөлек, мемлекеттің 50 гектар жерінің тасын тасып, қазып тастаған. Кімнің тас пен топырақты қайда сатып жатқаны беймәлім. Белгілісі – табиғатқа қиянат жасау тоқтар емес. Ал аудан әкімі бұлармен күресуге дәрменсіз. Күші де, құзыры да жоқ.

Заңсыз каръерлер көбейіп кеткен
Заңсыз каръерлер көбейіп кеткен

Данияр Тілеубергенов, Ордабасы ауданының әкімі: «Мен жалғыз күресе алмаймын. Бірақ, құзырлы органдарға ұсыныс хат, қызметтік хат жазғанбыз, жазып та жатырмыз. Мұнымен қоғам болып күресуіміз керек».

Енді облыстан арнайы комиссия құрылып, тас тасушылардың жолын кеспек. Бүгіннен бастап, іске көшпесе, жағалау жайылып, көлшіктер көбейеді.

Арыс өзенінің жағасы жайылып, тоғайлар оталып кеткен
Арыс өзенінің жағасы жайылып, тоғайлар оталып кеткен

Сакен Қаныбеков, ОҚО облыс әкімінің орынбасары: «Бұл түнде жасалатын тірлік емес. Бұл күні-түні жасалған. Арнайы жолда салып алған. Ал бүгін біздің келетініміз туралы біреу хабар берген. Сондықтан да камаздарын қорада ұстап отыр. Қазір біз кете салысымыз, бір сағаттан кейін қайта шығады. Бұған тоқтау қою керек, ертең олар қазған жерді қайта көмеміз, жағалаудан аққан су көлшік болады, көлшіктен тасыған су ауылды алады. Бұған қол қусырып қарап отыруға болмайды».

Тексеру күні қолған түскен камаздар
Тексеру күні қолған түскен камаздар

Табиғаттың байлығын меншіктеп, өзеннің жағалауын бұзып, тасын тасып күн көріп келген заңсыздықпен күрес басталып кетті. Нәтижесі болса игі.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1edP5pRcVKk[/youtube]