Жанармай құю бекеттерін тонап келген қарақшылар ұсталды

449
Түркістан қаласы

 

Түркістан қаласы
Түркістан қаласы

Түркістанда жанармай құю бекеттерін тонап келген қарақшылар ұсталды. Екі азамат қаладағы станцияларға қырғидай тиіп, құтын қашырып жүрген. Қызығы олар 3 қылмысқа барған кезде де бір әдісті қолданыпты. Нысанға баса көктеп кіреді, күзетшіні ұрып соғып, бар ақшаны қалтасына басып қашады.

Қазір ұсталғандардың екеуі де қылмысын мойындап отыр. Ал полицейлер олардың кісі өліміне де қатысы бар деп топшылайды. Айтуларынша, Түркістанда жанармай құю бекеті күзетшісін өлтірген болуы мүмкін. 

Күдікті: «Мұрат ғимараттың ішіне кіріп, күзетшіні басынан ұрды. Нмен ұрғанын білмеймін, бірақ күзетшіні есінен танды. Сосын мен кірдім де кассадағы барлық ақшаны алып қаштым».