Қағаз ақшаның айналымын электронды төлем алмастырады

364
салық мамандары сауда орындарында

Болашақта қағаз ақшаның айналымын электронды төлем түрлері ығыстырады. Қазірдің өзінде кейбір ірі дүкендерде несие картасының көмегімен есеп айырысуға болады. Бұл – аса қолайлы және ең бастысы, қауіпсіз төлем түрі.

салық мамандары сауда орындарында
салық мамандары сауда орындарында

Алайда, терминалдағы сауданың көрігі әлі де қызбай тұр. Тұтынушылар бұл қызметті тек билет сатып алуда және қаладағы ірі сауда нүктелерінде ғана пайдаланумен шектеледі. Есеп айырысудың жаңа түрін егізу үшін қайсыбір құрылымдарға әлі де үлкен дайындық керек. Шымкент қаласындағы сауда нүктелеріндегі жағдайды бақылап көрген мамандар осылай деп отыр.   ОҚО салық департаментінің мамандары келесі жылдан бастап, қалтаңызға мыж-мыж ақша алып жүруді шектейсіз деп отыр. 2013 жылдың қаңтарынан бастап салық органдары РОS терминал қызметін енгізбеген кәсіпкерлерге шара қолданады.

ОҚО салық департаментінің бастығы Алтынсары Үмбетәлиевтің сендіруінше, ақшасыз есеп айырысу сауда орындарындағы айналым мен пайда көлемін нақты білуге мүм­кіндік береді. Сондықтан ірі қызмет көр­сету орталықтарының қожайындарына POS-терминал орнату қажеттігі туындайды. Сонда тұтынушы ақшасыз есеп айырыса алады.

терминал
терминал

Ал электрондық ақшадан бас тарт­қан жеке кәсіпкер салық органдарына 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), заңды тұл­ғалар 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Төлем карталарын қабылдайтын арнайы құрылғыны орнату екінші деңгейлі банктерге жүктелді. Банк арқылы өтетін ақша айналымы үшін, яғни, банктің қызметіне төленетін тариф құны келісімшарт негізінде белгіленеді. Ал, нарықта транзакция құны 1-2%-ды құрайды.

Бұдан бөлек кәсіпкерге банктің көрсететін қызметтеріне ақы төлеу қажет. Ең бастысы банкпен бірлесіп жұмыс жасау үшін кәсіпкердің айлық табыс айналымы неғұрлым жоғары болуы керек. Пос-терминал қою үшін банк тарапынан белгілі талаптар бар. Банк бір айда қанша көлемде, қанша адамға сауда жасамақсыз, сіз өткізетін операциялардың саны қанша болу керектігін ескере отырып, банк өз тарапынан шешім қабылдайды. Жаңаша есеп айырысу кәсіпкерге аса тиімді емес. Себебі, көлеңкелі бинестің жолы кесіледі. Алайда, жаңа жүйе тұтынушы қауымның қызығушылығын арттырып отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=D2LCkcb-duk[/youtube]