Өрт сөндіру, жедел жәрдем көліктеріне қала көшелерінде тұсау көп

345
Шұғыл қызметке жүргізушілер қырын қалайды

 

Шұғыл қызметке жүргізушілер қырын қалайды
Шұғыл қызметке жүргізушілер қырын қалайды

Шымкенттік көлік жүргізушілер өрт сөндіру мен жедел жәрдем көліктеріне жол бермейді. Жол полициясы мен өрт сөндірушілердің бірлесе жүргізген рейдтің шаралары барысында бұған көз жеткізілді. Және дабылға пысқырмайтындардың алдынан МАИ қызметкерлері табылды. Жедел қызметтің өкілдері баяу қимылдайды.

Өрт дабылын қаққан көліктер дендробаққа қарай асықты. Арнайы көлік 50 метр аспай-ақ алдынан кедергілер, жеңіл автокөліктер жол бермей көлбеңдеді. Шетелдік көлік мінген жүргізуші дабыл қаққан өрт сөндіру мәшинесіне көлігінде шіреніп отырып, қарап отыр. Тек жол полициясын байқағанда ғана жол беру керектігі есіне сап ете қалды.

Азиз Саипов, өрт техникасы және күрделі құрылыс бөлімінің бас маманы: «Осындай жылдамдықпен қауіп төнген жандардың өмірін сақтап қалып, тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтаймыз деп айту қиын. Әрбір минут, әр секунд өмір мен өлім аузындағылар үшін қымбат екендігін көлік жүргізушілері түсінсе екен.»

Рысқұлов көшесінің бойында да тығын шыққан көліктің тізбегіне кеп тірелді өрт сөндіру бригадасы. Мұнда да оларға жол берген ешкім болған жоқ. Тілсіз жаудың құшағында қалғандарға құтқарушылардың қанша уақытта жетенін осыдан кейін-ақ бағамдай беріңіз. Дулати көшесінің бойында өрт сөндірушілерге жол бергісі келмеген «Опель» көлігінің иесін жол полициясы инспекторлары тоқтатты.

Ереже бұзған көлік иелерінің бүгін жолы болды. Ескертумен ғана құтылды олар. Бар жоғы жарты сағаттың ішінде жол полицейлері 3 көлік жүргізушісін тоқтатып үлгірді. Енді бұл үшеу тағы да ереже бұзса, аямай айып салынатын болады. Яғни, 12117 теңге, 7 айлық көрсеткіш мөлшерінде.

Жол полицейлері мен өрт сөндірушілер енді мұндай шараны үздіксіз өткізіп тұрамыз деп шешті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=AUTHuH7ZwB4[/youtube]