21-шағынауданда жас ағаштарды кескендер іздестірілуде

313
21-шағынауданда ағаштарды кесіп кеткендер іздестірілуде
21-шағынауданда ағаштарды кесіп кеткендер іздестірілуде
21-шағынауданда ағаштарды кесіп кеткендер іздестірілуде

21-шағынаудан тұрғындары таң атысымен учаскелік полицейлерді аяғынан тік тұрғызды. Мұнда белгісіз біреулер түн ішінде жас ағаштарды кесіп кетіпті. Бірақ мұндай қадамға кімнің барғанын білмейді.

Жұмабек Алтынбаев, 21 шағынауданның тұрғыны: «8 жыл бұрын осы ағаштарды біз отырғызған едік. Бүгін таңертең тұрсақ, талдардың барлығын біреу арамен кесіп кетіпті. Не деген жауыздық. Қазір барлық жерде  аулаларыңды көріктендіріңдер, көгалдандырыңдар,- дейді. Мемлекеттік бағдарлама да бар. Талды кескен, баланы өлтіргенмен тең деп е есптеймін. Кімнің ғана қолы барды екен».

Константин Черненко, мал дәрігері : «Таңертең сағат 8-де жұмысқа келсем, ағаштардың барлығы кесіліп жатыр. Не деген сұмдық. Мына 4 пен 5-үйлердің тұрғындары осы ағаштарды күтіп, осында орындықтар орнатып, демаламыз деп отырған еді. Біреуге жер қажет болған ғой».

Енді олар кінәлілер өз жазасын алсын деген талаптарын қоюда. Полицейлер тал кескендерді іздеуге кірісті.

Руслан Шыңғысбаев, учаскелік инспектор: «Арызды тіркедік. 10 күн мерзімде шара көруіміз керек. Кінәлілер табылса, оларға қатысты әкімшілік шара қолданамыз».

Орын алған оқыс оқиғадан кейін тұрғындар ауладағы жасыл желек үшін алаңдаулы.