Белорусь автобустарын алуға асығыңыз

Қалаішілік автобустың бағасы - 90 мың АҚШ доллары. Ал қалааралық көлік 180 мың көк қағазды құрайды дейді белорустықтар.
Қалаішілік автобустың бағасы - 90 мың АҚШ доллары. Ал қалааралық көлік 180 мың көк қағазды құрайды дейді белорустықтар.
Қалаішілік автобустың бағасы – 90 мың АҚШ доллары. Ал қалааралық көлік 180 мың көк қағазды құрайды дейді белорустықтар.

Жаңа автобустарды таныстыру мақсатындағы автошеру. Белорусь елінің автобус шығарушы компаниясы Қазақстанға су жаңа қоғамдық көліктерді таныстырып жүр. Сапасы еуропалық талаптарға сай көліктерге біздің тасымалдаушылар да қызығып жатыр. Бұйыртса қала көшелеріндегі ескі автобустар ауыстырылмақ.

«Еуро-4» стандартына сай көліктердің артықшылығы көп. Ауаны көп ластамайды, 48 жолаушы еркін отырып, барар бағытына жақсы жетуге ыңғайлы. Тіпті, мүмкіндігі шектеулі жандардың көлікке мініп-түсуі де ойластырылған.

Қалаішілік автобустың бағасы – 90 мың АҚШ доллары. Ал қалааралық көлік 180 мың көк қағазды құрайды дейді белорустықтар. Бірақ мұны естіп, біздегі кәсіпкерлер шалқасынан құлай жаздады. Біздің қала үшін бұл тым қымбат дейді.

Десе де, арзанның сорпасы татымас. Шетелдік әріптестердің уәжі осы. Өйткені, қытайдың автобустарымен салыстырғанда бұл көліктерде 10 жылға дейін ешбір алаңсыз жүйткуге кепілдік бар деп сендіреді.

Еліміздің батыс өңірлерін аралап келе жатқан қос көлікті жолортада сатып алушылар да табылыпты. Десе де, автобустарды тек таныстыру мақсатымен жүрген шетелдіктер алдымен еліміздің барлық шаһарларын аралап шықпақ. Одан соң, Астанамен жасалған келісім бойынша алғашқы сатылып басталатын болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hqn1c77hHIA[/youtube]