Меншікті тілшілердің клубы құрылды

Облыста журналистердің мүше болуымен жаңадан тағы бір клуб құрылды

Облыста журналистердің мүше болуымен жаңадан тағы бір клуб құрылды (тағы бір деп отырғанымыз, бұған дейін облысымызда бас редакторлар клубы құрылып, жұмыс істеп жатқаны белгілі). Бұл жолы республикалық БАҚ-ның облысымыздағы меншікті тілшілері бірігуде. Олар «Меншікті тілшілер клубын» құра отырып, өз құқықтарымызды бірігіп қорғайтын боламыз дейді.

Облыста журналистердің мүше болуымен жаңадан тағы бір клуб құрылды
Облыста журналистердің мүше болуымен жаңадан тағы бір клуб құрылды

Басқосуда сөз алған «Хабар» телеарнасының ОҚО-дағы меншікті тілшісі Әбдез Рахман, «КТК» телеарнасының тілшісі Бекжігіт Мәуленов, «Жас қазақ» газетінің меншікті тілшісі Сабырбек Олжабай, «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі Айзада Төребекқызы, «Караван» газетінің өкілі Даниил Шемратов, сондай-ақ, «Қазақстан» ұлттық арнасы», «Евразия», «7 арна», «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Нұр Астана», «Заң», «Қазақстан – Заман» және басқа да бірқатар ақпарат құралдарының өкілдері өз ойларын ортаға салып, мұндай ұйымның қажет екеніне, оның жұмысын қалай жандандыру қажет екеніне тоқталды. Меншікті тілшілер бір ауыздан клубтың төрағалығына «Жас Алаш» газетінің ОҚО-дағы меншікті тілшісі, Журналистер Одағының мүшесі Ғалымжан Елшібайды сайлады.

«Бұл ұйым шындық үшін шырылдап жүрген меншікті тілшілердің басын қосып, солардың құқын, мүддесін қорғайтын болады. Бұдан былай бір меншікті тілшінің басына түскен мәселе – бәріміздің ортақ мәселеміз болып саналады», – дейді клуб мүшелері.