Облыс прокуроры тұрғындардың шағымын өзі қарады

184
ОҚО прокуроры
ашық есік күні
ашық есік күні

 

Құқық қорғаушыларға сенімсіздік сейілмей тұр. Облыс прокуроры тұрғындардың шағымдарын өзі қарауға кірісті. Ашық есік күніне келгендердің қарасы қалың. Әдеттегідей бүгін де сот үкімімен келіспеушілік, жерінен айрылған жұрт төбе көрсетті. Бәрінің үміті шешім әділ болса дейді.

ОҚО прокуроры
ОҚО прокуроры

Сәуле Жұмақұлованың құзырлы органдардан әділдік іздеп, табанынан тозып жүргеніне жетінші жыл. 2006 жылдың желтоқсан айында ұлының өлі денесі тас жолдан табылған. Мәйітхананың сарапшылары жігіттің қатты соққыдан қайтыс болғанын айтқанымен, жергілікті полицейлер жол-көлік оқиғасы деп шешіпті. Онымен шағымдаушы еш келіспейді.

Шағымданушы жоғарғы жаққа да арызданған. Алайда ұлының өлімі жол апатынан қаза болған күйінде қалды. Ал адамды қағып кеткен жүргізушіде табылмаған. ІІД мамандары да бұл мәселе бойынша нақты жауап айтпады.

Облыстың бас прокуроры бұл мәселені өзі қолға алуға уәде берді. Ашық есік күніне келгендердің бірі баласының жаламен абақтыға жабылғанын жеткізсе, енді бірі тиісті органдар нақты тексеру жүргізбеді деп ашынады. Бұл күні жер дауымен келгендердің да қарасы қалың болды.

Облыстық прокуратураның ашық есік күніне 20-дан аса адам шағымданып келді. Олардың барлығы дерлік құқық қорғау органдары өкілдерінің әрекетіне наразы.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Mh0amV6PasU[/youtube]