Шымкентте егеуқұйрықтар қаптап жүр

367
Шымкентте егеуқұйрықтар қаптап жүр

Шымкентте егеуқұйрықтармен күрес басталды. Бұл жұмысқа Еңбекші аудандық әкімдігі белсене кірісті. 

Осылайша шымкенттіктер тышқандарға қарсы күресті жариялады. Әкімшілік қызметкерлерінің айтуынша, жау қауіпті. Бірге күресу үшін бұл шараға қала тұрғындарын да шақырды.

Мәлік Әбдінұров, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары: «Біз дәл қазіргі уақытта тышқандар мекендейтін 5 шағынауданды анықтап отырмыз. 26 көше бойында осындай күрес шарасы жүргізіліп жатыр. Жұмыс тобы Еңбекші аудандық әкімшілігінің қызметкерлері мен малдәрігерлік бөлім және үй төрайымдарынан құралып отыр».

Қазіргі уақытта тышқандар қалада қаптап кеткен. Алғашында қаланың шеткері жағында көп кездессе,  қазір орталығына да жайылған. Қалдыкүл Еспенбетова тышқандармен күресті жалғастырып келеді. Бірақ нәтиже шығар емес.

Үйдің жертөлесінен бастап, іште де қаптап жүр
Үйдің жертөлесінен бастап, пәтерлердің ішінде де қаптап жүр

Қалдыкүл Еспенбетова, қала тұрғыны: «Мен 8 ай бұрын осында көшіп келдім. Енді қоныс аударғаныма қатты өкініп отырмын. Қаланың орталығында тұрамыз, бірақ мынадай бассыздыққа тап болдық. Қыстыгүні баспалдақтардан жүгіріп жүретін тышқандар көктем келе қаптап кетті. Міне, мына жердің бәрінде тышқандар күнелтіп жүр. Біздің аула, үй барлығы тышқанға толды. Тіпті қандай амал қолданарымызды білмей, дал болып отырмыз. Не істейміз басқа, дұрыстап тамақ та іше алмай қалдық».

Қысқасы әкімдік мамандары бұл жолы нәтиже болады деген үмітте. Тышқандармен күресте тұрғындардан қаржылай көмегі аса қажет-ақ. Әрбір тазалануға тиісті аумақтың шаршы метір 5 теңгеге бағаланып отыр.