Шымкентте халықаралық би күні тойланды

1106
"Қазына" халықтық ансамбілі қазақ биін нақышына келтіре биледі

Шымкентте республикалық «Бұраң бел» би байқауы өтті. Екінші рет қолға алынған өнер сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен 14 би ұжымы қатысып отыр. Оның 5-уі – біздің жерлесіміз.

"Қазына" халықтық ансамбілі қазақ биін нақышына келтіре биледі
«Қазына» халықтық ансамбілі қазақ биін нақышына келтіре биледі

«Қазына» халықтық ансамбілі қазақ биімен «Бұраң бел» республикалық байқауының шымылдығын түрді. Халқымыздың дәстүрімен бірге, болмысын да боямасыз баяндайтын би қойылымы сахнаның сәнін кіргізді. Ал құрылғанына енді ғана 1 жылдан асқан Тараздық «Ақкербез» би тобы да бүгін үзідіктердің қатарынан көріну үшін барын салмақ. Өйткені, бас жүлдеге тігілген ақы қомақты. 1 млн. теңге.

"Ақкербез" би тобы өздерін үздіктердің қатарынан көретініне сенімді
«Ақкербез» би тобы өздерін үздіктердің қатарынан көретініне сенімді

«Ақкербез» би тобы, Тараз қаласы: «Әрине,үмітсіз шайтан дейді ғой, үмітімізді үзбейміз. Ойдағыдай билеп шықтық деп ойлаймыз. Қазылар алқасының  мүшелерінен әділдік сұраймыз. Жақсы билеп шықтық деп ойлаймыз ең бастысы. Біз өз өнерімізге сенімдіміз. Көрерменде барлық бишілердің өнерін тарзылап отыр ғой».

Екі кезеңнен құралған байқаудың бірінші бөлімінде қазақтың халық биін билеу міндеттелген. Күрделі орындалатын би қимылдары да олардың ұпай санын арттырары сөзсіз. Ал қазылар алқасына ҚР халық әртісі Гүлжамал Талпакованың өзі төрайымдық етті. Жанкүйлер де өз таңдауын жасап әлек.

Байқауды тамашалаушылардың қарасы қалың болды. Жанкүйерлер кімнің жеңіске жетерін топшылап отыр
Байқауды тамашалаушылардың қарасы қалың болды. Жанкүйерлер кімнің жеңіске жетерін топшылап отыр

Гүлнар Жолдасова, көрермен: «Республикалық байқау өте қызықты, тартысты басталды. Сол үшін көзжазбай бастан-аяқ билерін тамашалап отырмын. Бірінен бірі өтіп, керемет би қимылдарын ұсынып жатыр. Орал қаласынан келген үлгілі қызғалдақтар би ансамбілінің орындауындағы «Сажайлау» би маған өте ұнады. Себебі ол бидегі орын алып жатқан би қимылдары жайлауда болып жатқан көрініс ретінде табылады. Және де би орындаушылықтары, жетекшілері олардың үйреткен қимылдарына қарай, жоғары баға қояр едім өз бетімше. Ал оларға баға беріп жатқан әділқазылар алқасы бағаны дұрыс жағынан, оның қимылдарына қарап дұрыс баға беруде». 

Қазылар алқасының төрайымы ҚР халық әртісі Гүлжамал Талпакова
Қазылар алқасының төрайымы ҚР халық әртісі Гүлжамал Талпакова

Айта кетейік, еліміздің түкпір-түкпірінен келген 14 би ұжымы байқауға жанкүйерлерін де ерте келіпті. Осылайша би өнері күні шымкенетте нағыз би мерекесіне айналып кетті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ezFmPeWsvxY[/youtube]