Шымкенттің боксшылары ерледі

364
Оңтүстік Қазақстан облысының бокс федерациясы

Бір алтын және күміс медаль. Оңтүстік боксшыларының халықаралық турнирдегі және Азия біріншілігіндегі өнер көрсетуінің нәтижесі осындай.

Оңтүстік Қазақстан облысының бокс федерациясы
Оңтүстік Қазақстан облысының бокс федерациясы

Жеңімпаздар қатарында Біржан Жақыпов пен Айбек Ерметов бар. Оларды облыстық бокс федерациясының өкілдері мен Қазақстанның бокс құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов құттықтады. Былғары қолғапшылар халықаралық турнир мен Азия біріншілігінде жүлдегер атанды.

Біржан Жақыпов халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Біржан Жақыпов халықаралық турнирдің чемпионы атанды

 

Қазақстанның чемпионы Біржан Жақыпов өзінің шеберлігін шетелде де дәлелдей алды. Ол Германияда өткен жарыста алтыннан алқа тағынды.

Ал Филиппенде өткен Азия чемпионатында біздің жерлесіміз – Айбек Ерметов 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасып, күміс жүлдені ұтып алды.

Айта кету керек, Азия біріншілігінде Қазақстанның бокс құрамасы 4 алтын және 1 күміс жүлдені жеңіп алды. Осылайша боксшыларымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орыннан көрінді.

 

Айбек Ерметов Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Айбек Ерметов Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Cvz2JVTMP1I[/youtube]