Ішкі істер департаментінің қызметкерлері арасында волейболдан арнайы турнир өтті. Аудандық бөлімдермен, жол сақшыларымен патрульды полиция полкынан құрылған алты команда бас жүлде үшін таласқа түсті. Сондай-ақ, ардагерлер де ептілігін сынға салды.
Бір күн бойында сынға түскен волейболшылар арасынан Патрульды полиция полкының спортшылары жарыс басынан-ақ алға шықты. Ақтық кездесуде де қарсыластарынан басым екенін байқатты.
Нәтижесінде олар бас жүлдеге ие болды. Ал екінші орынды жол сақшылары қанағат етсе, алғашқы үштікті ардагерлер еншіледі.
Ал Абай аудандық бөлімшенің қызметкері Хамит Турсуметов болса жарыстың үздік ойыншысы атанды. Жасы жағынан Қосай Мауленов арнайы аталып өтілді.