Әйелдер қауымы көшбасшылық жолды меңгеруде

280
Әйелдер ресурс орталығының директоры Гүлнәр Қарақұлова

Қаламызда әйелдер ресурс орталығы белсенділері балаларды қорғау күніне орай, «Оқу – жетістіктің кілті» жобасын жүзеге асырды. 15 жылдан бері шарапаты мол шаралардың бастамашысы болып жүрген орталық бұл жолы ынтасы бар 14-24 жас аралығындағы қыз-келіншектерге түрлі сала бойынша тегін оқуға мүмкіндік әперіп отыр. Бүгінде бухгалтер, тігінші, компьютерлік білім, шебер -стилтст мамандығымен қоса, манюкюр мен педикюр саласын меңгергенін куаландыратын сертификатты 336-сына тапсырып үлгерген.

Гүлнәр Қарақұлова
Гүлнәр Қарақұлова 14-24 жас аралығындағы қыз-келіншектер жоба аясында жағдайларын түзеуге мүмкіндігі бар деп отыр

Гүлнәр Қарақұлова, Әйелдер ресурс орталығының директоры: “Біз бүгін арулардың басын қосып, көшбасшылық жолды түсіндіріп жатырмыз. «Оқу – жетістіктің кілті» жобасы олардың қоғамға ауадай қажет екенін ұқтырады деп ойлаймын. 14-24жас аралығындағы әйелдер қауымы жобаға қатысып, жағдайын жөндеуге мүмкінді бар. Ал дәл қазіргі уақытта шебер -стилтст, манюкюр мен педикюр мамандығы бойынша оқу-жаттығулар өтіп жатыр. Айта кетейін, бұл аруларға біз тек үйретіп-оқытып қана қоймаймыз, сонымен қатар жұмысқа орналасуы үшін де бар жағдайды жасаймыз. Олардың өмірінің жақсы жағынан өзгеруне қандай да бір қосар үлесіміз болса, бұл біз үшін үлкен қуаныш дер едім”.

Арулар көшбасшылық жолдың
Арулар көшбасшылық жолдың қандай сатылардан тұратынын меңгеруде

Малика Естемесова: “Мен көпбалалы отбасынан шыққанмын. Үйдің үлкендерінің бірі болғандықтан, ауыр жүк маған да артылғанын сезіндім. Осылайша осы әйелдер ресурс орталығына келіп, көмек сұрадым. Бетімді қақпады, көмегін аяған жоқ. Менің басты мақсатым – оқуымды оқып жүріп, ата-анама көмектесу болды. Мәселен олар оқуымның ақшасын төлесе де мен өзімнің жолкіремді, одан бөлек қажеттіліктеріме қосымша қаржы тапқым келді. Және мен мұнда жүріп көп нәрсені үйрендім. Болмайды, мүмкін емес дегеннің өзі жүзеге асып, орындалтынына көзім жетіп отыр. Мені қосымша оқытумен қатар, жұмысқа орналастырды. Алғысым шексіз”.

Айта кетейік, өздері оқытқан мамандарға мынадай сыйлықтарды үлестірді. Алдағы күндері арнайы жоба аясында тағы да 150 әйел адамы оқытылатын болады. Оның 30-ы №4 Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушісі болса, 18-і өңіріміздегі жасөсіпірмдер үйінен. Ал 51-ін әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан нәзік жандылары құрап отыр.