«Көктемгі найзағай» мәресіне жетті

Туристік жорық кезінде төрешілер оқушылардың туристік ептілігі мен дағдысына назар аударды

Жас туристтер сынға түсті. Машат шатқалында туристік көпсайыстан ОҚО әкімінің жүлдесіне арналған Кубок сарапқа салынды. «Көктемгі найзағай» деп аталатын облыстық ашық жарыстың бұл екінші кезеңі.

Жарыс Түлкібас ауданындағы Машат шатқалында орналасқан Нұрсая демалыс аймағында өткізілді

3 күн бойы жас туристер облыстық білім басқармасы, облыстық жас туристер станциясының ұйымдастыруымен өткен "Көктем найзағайы" сайысына қатысты
3 күн бойы жас туристер облыстық білім басқармасы, облыстық жас туристер станциясының ұйымдастыруымен өткен «Көктем найзағайы» сайысына қатысты
Облыс әкімінің жүлдесін сарапқа салған жарыста өңіріміздің 10 ауданы мен қаланың 20 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары және мұғалімдері бақ сынады

Сайыс үш кезеңнен тұрады. Біріншісі Біркөлік шатқалында наурыз айында өткен болса, екіншісі осы Машат шатқалында өтті

Кубокты сарапқа салатын үшінші кезең, яғни ақтық мәре Бәйдібек ауданында маусым айында өтеді

Жарыс бәсекелеріне тоқталар болсақ, сайыс үш дәрежеде өткізілді. Біріншісі, жеке жарыс. Онда жастар жеке уақытқа өз мүмкіндігін саралауға жарысады

Екінші тізбектер деп аталады. Жұптасып арқан тартудан, суда кедергілерден өтуден сынға түседі

Мәселен, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласындағы М. Әуезов атындағы №31 мектептің 10-сынып оқушылары Тоғжан мен Арыс белгілі бір уақытта арқан арқылы жүкті де, өзін де тасымалдауы қажет болатын

Алдымен Әшімбек Арыс жолдың арғы бетіне арқанмен өтіп, жүкті өткізіп алды

Осы кезде арқан жерге тимеуі керек. Бұл төреші талабының бірі. Уақытқа да қарап тұрған жөн

Соңынан Нарбай Тоғжанның өзі арқанмен өтті. Біркөлікте өткен бәсекеде мақтаралдық туристтер алда болған еді. Бұл жолы да намысты қолдан бермейміз деп отыр

Бірақ, алғашқы үштіктен мақталы өңірдің жастары көріне алмады. Бұнда жаттықтырушы Бейсенов жетекшілік еткен Түлкібас ауданының туристері бар жаттығудан алда болды

Жарыстың тағы бір жаттығуы топтық бәсеке. Онда тптың 4 мүшесі жылдам бір мезетте 4 саланы қамтуы тиіс
Жарыстың тағы бір жаттығуы топтық бәсеке. Онда топтың 4 мүшесі жылдам бір мезетте 4 саланы қамтуы тиіс
Судағы өткелден арқанмен өту  оңай емес, Ептілікпен қатар, жылдамдық та қажет
Судағы өткелден арқанмен өту оңай емес. Ептілікпен қатар, жылдамдық та қажет
Туристік жорық кезінде төрешілер оқушылардың туристік ептілігі мен дағдысына назар аударды
Туристік жорық кезінде төрешілер оқушылардың туристік ептілігі мен дағдысына назар аударды
Топтың 4 мүшесі төреші ысқырығымен 4 жақа жүгірді. Әрқайсының өз тапсырмасы бар. Мәселен мына жас арқанмен судан өтуі тиіс
Топтың 4 мүшесі төреші ысқырығымен 4 жаққа жүгірді. Әрқайсының өз тапсырмасы бар. Мәселен мына жас арқанмен судан өтуі тиіс
Бірі тауға өрмеледі. Мұнда №77 мектептің оқушысы тауға өрмелеуден үздік нәтиже көрсете алды. Оның уақыты 0:57 секунд

Жасанды балшықтан тезарада секіріп өту
Жасанды балшықтан тезарада секіріп өту
Шатырды көзді ашып жұмғанша құрып үлгергендер де болды

Шатыр құрып жатқан Мақтарал ауданының оқушылары

Ағаш биіктігін, беткейдің еңістігін өлшеуден де оқушылар сынға түсті

Шатыр дайын 3 күн бойы таза ауамен тыныстап, жаңа достармен күндерді көңілді өткізуге болады

Туристік көпсайыстан ұйымдастырылған жарыста балалардың компаспен жұмыс істей алуы да бағаланды

Жергілікті жерді бағдарлай алуына, жас туристердің туристтік тұрмысына да назар аударылды

Күні бойғы күн тәртібінің сақталуы, шатыр тазалығы жинаған ұпайына ұпай қосты

«Көктемгі найзағай» жарысында Оңтүсткі Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұраларына және спорттық туризмге байланысты сұрақтар да қойылды. Осылайша, ұйымдастырушылар облысымыздың әр ауданына барып, сол жердің тарихи мәдени мұраларын оқушыларға жақынырақ таныстыруды көздепті. Оған облыстық білім басқармасы жағдай да жасапты. Бұрын сайыскерлер өз қаражатына немесе демеушілер іздеп жарысқа қатысса, биыл әр ауданның білім бөлімі оқушыларын қажетті азық түлікпен қамтыған.

Сайыс қорытындысына келерболсақ, Шымкент қаласы мектептері арасында: 1 орын – №28 орта мектеп алса, 2 орын – №77 орта мектебінің оқушылары қанағат тұтты. 3 орын – №38 гимназиясының жас туристтері орналасты. Аудандар арасында: 1 орынға Түлкібас ауданының оқушылары көтерілді. 2 орын – Сайрам ауданының жастарына бұйырса,,3 орынға Бәйдібек ауданы жайғасты.

Ал бәсекенің үшінші кезеңі, ақтың мәре Бәйдібек ауданында маусым айында өтеді.