Ардагерлер үйі ашылды

1347
Шымкенттегі жаңа ардагерлер үйі
Шымкенттегі жаңа ардагерлер үйі
Шымкенттегі жаңа ардагерлер үйі

«Ырыс алды-Ынтымақ» қоғамдық форумына шыққан зиялы қауым өкілдері облыс орталығынан жаңадан ашылған ардагерлер үйінің тұсау кесіріне қатысты. Салтанатты түрде ашылған ғимаратты облыс басшысы мен бірге аралап көріп шыққан ардагерлер мен зейнеткерлердің қуанышында шек жоқ.

шахмат клубына арналған бөлмеде бар
шахмат клубына арналған бөлмеде бар

Мұнда ардагерлер кеңесі мен, қоғамның мүшелері отырады. Сондай-ақ, шахмат мектебіне де орын берілген. Саябақтың бұрыштарында шахмат ойнайтын ақсақалдарға арнап, арнайы бөлмеде қарастырылған. Алдыңғы толқынға керемет көңіл-күй сыйлаған ғимараттың құрылысына қалалық бюджеттен 51 миллион теңге бөлінген.

Асқар Мырзахметов, ОҚО әкімі: «Қысқа мерзімде ғимаратты салып біттік. Заманауи үлгіде салынған. Барлық жағдайды жасауға тырыстық. Алдағы уақытта осы кісілермен бірлесіп жұмыс істеп, түрлі идеяларды жүзеге асырамыз деген ойдамын».