Бадам өзенінің бойын абаттандыру жұмысы қарқын алған

460
Бадам өзенінің жағалауы абаттандырылуда

Бадам өзені бойында басталған демалыс аймағының құрылысы кестеге сай жүргізіліп, белгіленген мерзімде пайдалануға беріледі. Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов жұмыс барысын бақылауға осында арнайы келді.

Бадам өзенінің жағалауы абаттандырылуда
Бадам өзенінің жағалауы абаттандырылуда

Бекітілген жоба бойынша өзеннің үш шақырымы толығымен абаттандырылады. Өзенді көріктендіру жұмыстарына облыстық бюджеттен 1746,2 млн.теңге бөлінген. Жағалауды әспеттеумен қатар, өзен арнасын да көріктендіру көзделуде. Бүгінгі таңда құрылыс басында 28 техника жұмыс атқаруда. Бұл жоба Шымкент қаласының еліміздегі үшінші қала мәртебесін айқындайтын жобалардың бірі дейді облыс басшысы.

халықтың қуанышында шек жоқ
халықтың қуанышында шек жоқ

Асқар Мырзахметов, ОҚО әкімі: «Облыс орталығы Шымкентте осындай өзеннің болғаны жақсы. Оны көріктендіріп, халық игілігіне жарату керек. Өзеннің жағалауы демалыс аймағына айналса, құпа-құп болады. Оның үстіне спорттың байдарка түрімен айналысатындар үшін де тиімді болмақ».

Естеріңізде болса, екі күн толассыз жауған жаңбыр еңбектің біразын еш кетіріп, жұмысшылар мен мердігерден маза кеткен еді. Қазір өзен бойында қалпына келтіру аяқталып, жұмыс қайта қарқын алды. Бадам өзені бойындағы демалыс аймағының құрылысы қарашада аяқталады деп жоспарланып отыр.