Ербол Садыр облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды

535
Ербол Садыр облыс әкімінің орынбасары

Облыс әкімінің өкімімен Ербол Әбілхайырұлы Садыр Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы лауазымынан босатыла отырып, 2013 жылғы 22 мамырдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ербол Садыр облыс әкімінің орынбасары
Ербол Садыр облыс әкімінің орынбасары

Ербол Садыр 1973 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1994 жылдан Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары болып бастаған. 1995-2009 жылдары Созақ аудан әкімшілігі экономика бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бөлімдерінің меңгерушісі, облыстық кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы инвестициялық саясат бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2009 жылғы мамырдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы болып еңбек еткен.