Түркістан облысы әкімінің орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты екенін хабарлады.
Үшеуі де жансақтау бөлімінде, бірақ біреуі есін жиған. Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды үнемі бақылап отыр. Қажет болған жағдайда, зардап шеккендерді Жетісай аудандық ауруханасынан Астанаға санитарлық авиациямен жеткізуге дайын.
«Егер дәрігерлер санитарлық авиация қажет десе, біз дереу тасымалдауды ұйымдастырамыз. Үшеуі де бір отбасының мүшелері. Барлығы да жан сақтау бөлімінде жатыр. Қанша пайыз күйік шалғанын дәрігерлер айтатын болады», — деп атап өтті әкімнің орынбасары.







