Шымкенттік өнертапқыш Нобель сыйлығынан үмітті

314
Әбдүмәлік Әшіров

Шымкенттік өнертапқыш халықаралық Нобель сыйлығын иемденуі мүмкін. Бұл туралы Алматыда «№ 272 ғылыми жаңалықтың» сенсациялық мәліметтері жария етілген баспасөз мәслихатында айтылды. Ғылыми жұмыстың авторлары алқаптағы дақылдардың өнімділігін 11 минутта тыңайтқышсыз-ақ 50%-ға арттыруға болатынын дәлелдеп берген.

Әбдүмәлік Әшіров
Әбдүмәлік Әшіров

Техника ғылымдарының докторы Әбдүмәлік Әшіров және оның әріптестері «Түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары мен көшеттерін биосерпінді күшейту» атты ғылыми жұмысын 1991 жылдан бастап жазған. Айтуынша, егіс қарсаңында тұқымды жер серіктерінің құбылысына қарап өңдеу технологиясы әлемде бұрын-соңды болмаған. Жаңа жоба бір мезгілде мың тонна дән мен егіс өнімін өңдеуге мүмкіндік береді.

Әбдүмәлік Әшіров, техника ғылымдарының докторы, профессор:»Ауыл шаруашылығында осы күнге дейін қолданылмаған космогеофизикалық парамертрлерді мен қолдана бастадым. Біздің технологиямыз тұқымдарды алдын ала өңдеп, нұрландырып алады. 11 минутта нұрландырылғанының әсерінен біз өнімді 50 пайызға дейін арттыратын тәсіл таптық. Бұл технологияны қолданған адам шаршамайды, үлкен еңбек күші жұмсалмайды7″

Бұл әдіс енгізілген жағдайда 12 миллион гектардан астам егіс алқабы бар Қазақстан үшін тек қана дәнді дақыл бойынша өнімділік 5-6 миллион тоннаға артады дейді өнертапқыштар. Жоба бойынша әзірге қартоп, мақта, бидай, жүгері, қияр сынды 10 дақыл сыналған. Нәтиже оң. Ал еш0андай химиялық қоспаны қажетсінбейтін жаңа жобамен танысқандар бұл әдіс қоғамда өнім көлемін ғана арттырмайды деп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=1B1vcvH5i54[/youtube]

Әсем Исаева, ОҚМПИ-дың аға оқытушысы: «Бұл жаңалық қазіргі қоғамға экономикалық жағынан өте тиімді, баға тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өнімнің қолжетімділігін арттырады. Ал жоба экологиялық қауіпсіз, жалпы6 адам өміріне ешқандай зияны жоқ. Осы әдісті қолданар болсақ, дақылдардың көлемі артып, әлем бойынша еліміз көш бастауы да мүмкін деп ойлаймын.»

Бұған қоса жоба Қазақстанның ғана емес, әлемнің 7 бірдей еліндегі ауыл шаруашылығы институттарында тәжірибеден өтіп, мақұлданып қойыпты. Енді Әбдүмәлік Әшіров халықаралық Нобель сыйлығын алуды көздеп отыр. Бұл үшін жобаны әлемдегі 2 бірдей ғылыми тарап қолдауы тиіс. Әзірге бірінің келісімі бар. Сондықтан өнертапқыш еңбегінің жаңалығымен үндістандық ғалымдарды мойындату үшін жуырда Делиге жол жүрмек.