ОҚО әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

382
Болат Нәжімединұлы
Болат Нәжімединұлы
Болат Нәжімединұлы

 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Болатбек Нәжмединұлы Әлиев қызметінен босатылды. Бұл жайында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ондағылар Болатбек Нәжімединұлының ОҚО әкімінің өкімімен облыс әкімі орынбасары лауазымынан 16 мамыр күні босатылған айтып отыр.

Б.Әлиев 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2009 жылдан бері ОҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген ол бұған дейін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда қаржы полициясының мамандары аталған басқармаға бүгінге дейін жетекшіліп етіп келген Әбілсейіт Рабаевты өзгенің қаржысын талан-таражға салды деген айыппен қамауға алған еді.